Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпасс "ғаламдық экономика келешегі келеңсіз болжаммен бетпе-бет келеді" деп ескертті.
Оның айтуынша, пандемиядан кейінгі сілкіністер әлемдік өсімге әсер еткен, әсіресе кедей елдерге ауыр тиюі мүмкін.
Дүниежүзілік банктің соңғы болжамы бойынша, жаһандық өсу 2021 жылғы 5,5%-дан биыл 4,1%-ға дейін баяулайды.
Банк президентінің пікірінше, бұл – вирустық қауіптердің бәсеңдеуі, үкіметтік көмектің жойылуы және сұраныстың бастапқы қалпына келуімен байланысты.
Бірақ Малпас өзінің ең үлкен алаңы жаһандық теңсіздіктің ұлғаюына байланысты екенін айтты.
Ол кедей елдердің инфляциямен күресуі қиын болатынын және мұның сол елдерге қаржылық қауіп тудыратынын мәлімдеді.
Пікір қалдыру