Ресей: Киев өз түбіне өзі жетеді

/image/2022/02/01/crop-13_4_873x1559_ukraine.jpeg

"Украина бұрыннан бар бейбіт келісімдерге нұқсан келтіретін болса, Киев өзінің түбіне өзі жетеді" деп ескертті Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі дағдарысты талқылауда. 

Ресей Украинамен шектесетін тұсқа жүз мыңға жуық әскерін орналастырғанына байланысты АҚШ бастамасымен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырыс өтті.

Сейсенбі күні кеште АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

Ал дүйсенбіде Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Франция басшысы Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен.

"Екі көшбасшы телефон арқылы байланысып тұруға және жеке кездесу мүмкіндігін тез арада қарастыруға келісті" делінген Кремль мәлімдемесінде.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар