Ресей президенті Владимир Путин жыл соңына дейін "Сармат" ауыр құрлықаралық баллистикалық зымыранының дайын болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әскери жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу кезінде айтқан, деп жазады focus.ua басылымы.
Ресей президенті Украинаға қарсы соғыс кезінде қарулы күшті нығайтатынын хабарлады.
"Ауыр континентаралық "Сармат" баллистикалық зымыраны сынақтан сәтті өткізілді. Жыл соңында қарудың алғашқы легі жеткізілуі тиіс" деді Путин.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости Сармат ең қуатты ядролық зымыран екенін хабарлаған.
"Сарматтың" дәлдеу қашықтығы 18 мың шақырымды құрайды, бастапқы салмағы – 208,1 тонна, пайдалы жүктеме массасы – 10 тоннаға жуық. Бұрын Ресейдің ядролық қару "Воевода" деп аталатын. НАТО бұл қаруға "Сатана" деген атау қойған.
Жақында Германия әуе күштерінің басшылығы НАТО елдері төтенше жағдайда ядролық қаруды қолдануға дайын болуы керек деп хабарлаған болатын.
SIRPI ұйымы сарапшыларының пікірінше, бүгінде қырғи-қабақ соғыстан кейін алғаш рет ядролық қаруды қолдану қаупі арта түскен.
Пікір қалдыру