Зеленский: Батыс елдері бақылаушы емес, серіктестеріміз болса тезірек қимылдауы керек

/image/2022/06/27/crop-9_46_376x668_109f34dcf93fa8af1ffcc675988a3a4b_1649950309_large.png

Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерін Украинаға әуе қорғаныс жүйесін орнатуға шақырды, деп жазады bbc

"Бізге мықты, заманауи және тиімді әуе қорғанысы керек. Әуе қорғанысы Украинаны ресейлік ракеталардан толықтай қорғай алуы керек. Серіктестерімізбен осы туралы үнемі сөйлесеміз", дейді Зеленский. 

Сондай-ақ Зеленский бірнеше келісімге қол қойылғанын да айтты. 

"Бірнеше келісім жасалды. Егер шынымен бақылаушы емес, серіктестеріміз болса тезірек қимылдауы керек. Елімізге қару-жарақты беруді кешіктіру Ресейдің қайта-қайта соққы жасауына себеп болады", деді Украина президенті. 

Бұған дейін Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Батысты Украинаға зымыранға қарсы тиімді қорғаныс жүйесін орнатуға шақырған.

Оның айтуынша, Ресейдің Украинаны өз аумағынан, Беларусь аумағынан және Каспий мен Қара теңіз арқылы зымыранмен шабуыл жасауы Еуропа елдеріне қауіп төндіреді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар