Түркия Украинадағы қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектеседі

/image/2022/08/19/crop-7_49_567x1009_f5bcddd987015894b5abceaa85d5d4d5_1660835095_extra_large.jpeg

Украина инфрақұрылым министрі Александр Кубраков пен Түркияның сауда министрі Мехмет Муш соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру ісіне түрік тарабының қатысуы қарастырылған өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа Владимир Зеленский мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Львовтағы келіссөздері аясында қол қойылған, деп жазады currenttime.tv порталы.

"Түркия – біздің стратегиялық одақтасымыз. Біз Ресей қиратқан инфрақұрылымды қалпына келтіру кезінде ынтымақтастыққа дайын болғандары үшін түркиялық әріптестерімізге алғыс айтамыз. Түрік кәсіпкерлерінің жолдар мен көпірлерді, атап айтқанда Запорожье және Кременчуг көпірлерін салуда тәжірибесі мол және өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Сол себепті жақында инфрақұрылымды бірлесіп қалпына келтіруде нақты нәтижеге жетеміз деген ойдамыз", деді Украина инфрақұрылым министрі Александр Кубраков. 

Келіссөз барысында, бірінші жоба ретінде Буча мен Ирпенді Киевпен байланыстыратын Киев облысы Романовка ауылындағы көпірді қалпына келтіру мәселесі талқыланды. 

"Түркия президентінің Украинаға сапары – қуатты мемлекеттің Украинаға қолдау білдіруінің айқын дәлелі" деп мәлімдеді Зеленский. 

Ол Ердоғанмен астықты украин порттары арқылы шығаруды жақсарту, Запорожьедегі АЭС ахуалы, Мәскеудің "ядролық бопсасы", "Ресейдің бидай ұрлауы" және қорғаныс саласындағы әріптестік мәселесін талқылаған.

Зеленский мен Ердоған келіссөздері Львовтағы Потоцкий сарайында өткен. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар