Әзербайжан-Армения арасындағы әскери қақтығыс: Пашинян Ресей мен ҰҚШҰ-дан көмек сұрады

/image/2022/09/13/crop-11_10_531x945_strel-ba-na-azerbaydzhansko-armyanskoy-hranytse.jpg

13 қыркүйекке қараған түні Әзербайжан-Армения шекарасында әскери қақтығыс басталды, деп жазады ТАСС. Екі тараптан да жараланғандар мен қаза тапқандар бар. 

Басылымның мәліметінше, Армения мен Әзербайжан әскери қақтығысқа қатысты әртүрлі ақпарат таратып, бір-бірін айыптап жатыр

"13 қыркүйек күні сағат 00:05-тен бастап Әзербайжан Қарулы күштерінің бөлімшелері Горис, Сотк және Джермук маңындағы Армения территориясын артиллериямен, ірі калибрлі атқыштармен төпелеп атқылай бастады", - деп мәлімдеді Армения қорғаныс министрлігі.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения әскерилерін арандату жасады деп айыптады.

"12 қыркүйекке қараған түні Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкесан, Калбажар және Лачын бағыттарында ауқымды түрде диверсия жасады", - деп мәлімдеді Әзербайжан қорғаныс министрлігі. 

Әзербайжан министрлігінің мәліметінше, Ереван соңғы бір айда шекарадағы жағдайды мақсатты түрде ушықтырып, шабуыл қаруын, ауыр артиллерияны және адам күшін шоғырландырған. 13 қыркүйекте осы аудандардағы Әзербайжан әскери позицияларына оқ жаудырған. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскери қақтығысқа байланысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Арменияның Қауіпсіздік кеңесі Армения-Әзірбайжан шекарасындағы шиеленіске байланысты Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сүйеніп Ресей Федерациясынан көмек сұрауға шешім қабылдаған. 

"Армения республиканың егеменді аумағына жасалған агрессияға байланысты Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ережелерін жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясынан ресми түрде көмек сұрады" деп хабарлады Армения Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар