Израилде 20 мың адам наразылыққа шықты

/image/2023/07/06/crop-13_61_552x981_izrail-dva_abb.webp

Израил халқы қала полициясының басшысы Ами Эшед қызметтен кеткеннен соң жаппай наразылыққа шықты. Кеше түнде 20 мыңға жуық адам митингке шыққан. Ами Эшед сот реформасына қарсы наразылық акцияларын тарату кезінде күш қолданудан бас тартқаны үшін төменгі лауазымға ауыстырған. 

Ең үлкен наразылық акциясы Тель-Авивтегі Аялон тас жолында өтті. Наразы халық жолды жауып тастаған. Ал түн ортасынан кейін тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Кейін полиция тәртіп сақшылары наразылық білдірушілердің көпшілігін таратқанын айтты. Ресми дерек бойынша 15 адам қамауға алынды.

Айта кету керек, Иразильде халық наразылығы былтырдан бері басылмай келеді.Тұрғындар ірі қалаларда күре жолдарды жауып, дөңгелектерді өртеп, көлік қозғалысына кедергі келтірген.    


Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар