Беларусь президенті Александр Лукашенко "Вагнер" жалдамалы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннің Ресейде жүргенін хабарлады. Сондай-ақ, Лукашенко "Вагнер" ПМК жауынгерлері өз лагерьлерінде екенін атап өтті.
"Бұл – ресейлік компания. Сол себепті сұрақтың маған қатысы жоқ. Менің білуімше, жауынгерлер өз лагерьлерінде. Ал Пригожин болса Санкт-Петербург қаласында. Беларусте емес. Біздің елде "Вагнер" әскерлерінің белгілі бір бөлігі орналасуы мүмкін, бұл мені мүлдем алаңдатпайды. Олардың майданда жинаған тәжірибелерін қарастырамыз әрі дайындығымызға пайдаланамыз", деді Лукашенко.
Еске салсақ, кеше "Фонтанка" дереккөздері Пригожиннің Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы ФСБ басқармасына барғанын, оған қарулар мен 10 млрд рублін қайтарып бергенін жазған болатын.
Пікір қалдыру