Ресей билігі тұтқындамақ болған экс-депутат Қазақстанның көмегімен еліне оралған

/image/2023/10/03/crop-40_130_630x1120_651b89a0b6723760067087.jpg

Латвияның экс-депутаты Вячеславс Домровскис өзін Қырғызстанда болған кезде тұтқындамақ болғанын айтты. Шетелдік БАҚ-тың дерегінше, Ресей билігі бұрынғы депутатты ТМД елдерінің бірінде тұтқындамақ болған. 

"Ол Қазақстандағы Латвия елшілігінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Өйткені, Қырғызстанда Латвия елшілігі жоқ. Қазақстан билігінің көмегімен 24 сағат ішінде Домровскис Латвияға ұшып кетті", делінген Латвия СІМ-нің хабарламасында. 

Депутаттың айтуынша, Ресей билігі Латвиядағы кеңес үкіметінің ескерткіштерін бұзуға қатысты ұстанымы үшін оны қамауға алғысы келген. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар