Ресейлік оппозиционерлер "Антисоғыс комитетін" құрып, Берлинде үлкен кездесу өткізген екен.
Олар "Бірлескен әрекеттер стратегиясын" ойластырып, Ресейде "Нет Путину" деген саяси науқанға кірісетінін жариялады.
Бұл науқан аясында Путин мен оның соғысына қарсы белсенділер бар медиа ресурстарын біріктіріп, Путиннің сайлауына қарсы жаппай үгіт-насихат жүргізбек.
Оппозиционерлер Путин "қайта сайланып" алған жағдайда сайлау нәтижелерін мойындамайтын болып келісті.
Путинге қарсы науқанға жекелеген тұлғалардан бөлек, әзірге 130-дан астам ұйым қосылуға дайын отыр.
Олар әлеуметтік желілерде насихат жүргізіп, өз ақшаларына сыртқы жарнама ілуден бөлек, әрбір үйге кіріп, "Путинге дауыс бере көрмеңіз", деп Ресей халқын үгіттемек.
Соғыс пен Путинге қарсы күштердің коалициясы "Ресейдің бағы ашылуы үшін ең бірінші Путиннен құтылуымыз керек", дегенді қолдан келгенше ресейліктердің санасына жеткізуге ниетті.
Пікір қалдыру