Далада сапқа тұрған Ресей әскері қырылып қалды

/image/2024/02/21/crop-102_1_444x593_arbatmedia-pole-trupov-65-rossiiskix-voennosluzashhix-pogibli-ot-udara-himars-vi

 

Украина жеріндегі Ресей оккупациялаған Донецк облысында Ресей жауынгерлері жаппай қырылды.

Командирлер Трудовское поселкесінің маңында үш рота мен гвардиялық атқыштар бригадасын Шығыс әскери округінің қолбасшысы генерал-майор Олег Моисеев деген шенді келеді деп, соны қарсы алу үшін сапқа тұрғызғаны хабарланып жатыр.

Алайда күткен генерал сол күйі келмеген, есесіне Украина қарулы күштері тарапынан екі HIMARS зымыраны ұшып келіп, шамамен 60 жауынгерді жер жастандырғаны хабарланып жатыр.

 

"15 ақпаннан бері қарай күніне мыңнан кем емес орыс жауынгері жер жастанып жатыр, ал 18 ақпанда тіпті 1290 орыс әумин болыпты", дейді соғыстан хабар жеткізіп жүрген қазақ сарапшысы Қуаныш Еділхантегі.

 

Жалпы, 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға соғыспен кірген Ресейдің осы кезге дейін 45 мың жауынгері өлгені анық болып, расталды.

Тәуелсіз зерттеу жүргізген журналистер Украинадағы соғыста өлген 45 123 ресейліктің аты-жөнін анықтады. Ресейдің адам шығынын BBC телеарнасының Орыс қызметі мен «Медиазона» еріктілер тобымен бірге санап шықты, деген ақпарат пайда болды.

Өлгендердің үштен екісі соғыс басталғанға дейін армиямен байланысы болмаған адамдар: еріктілер, мобилизацияланғандар, түрмеде жаза өтеушілер және жекеменшік әскери компания жинаған жауынгерлер. Мобилизацияға ілігіп, майданда өлген 5406 адамның 80 пайызы соғыстың екінші жылы қаза болған.

Краснодар өңірі, Свердловск облысы, Башқұртстан және Челябинск облысы соғыста өлгендер саны жөнінен алда келеді екен.

Мәскеу мен Киев Украинадағы соғыста қанша адам өлгені туралы мәліметті бермей, таратпай отыр.

Екі тарап майдандағы жетістігін әсірелеп, сәтсіздігін айтпауға тырысады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар