Балалар қауіпсіздігі: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20250411135607717_big.webp

Алматы полициясы мәлімдеме жасады.

Алматы қалалық полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтып дабыл қағуда. Өкінішке қарай, кей жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталады.

"Бізді балалардың жол бойында ересектердің қарауынсыз қалып қоятыны және жол қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын білмейтіндігі алаңдатады. Бұл - ата-аналар мен заңды өкілдерінің немқұрайлылығы мен салғырттығының салдары. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз! Есіңізде болсын, бір сәт - орны толмас нәрсе болуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігі - Сіздің тікелей жауапкершілігіңіз!" – деді, Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.

Сондай-ақ полиция, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салды.

"Әрбір ата-ана ойлансын: мен баламның аман, дені сау болуы үшін бәрін жасадым ба? Қамқорлығымызды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап балаларымызды аялайық", - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.

Қатысты Мақалалар