"Құдайы ас өткізу тәртібі реттелді: Ысырапқа жол берілмейді"

/uploads/thumbnail/20250515152324927_big.webp

Астана қаласында өткен имамдар форумы аясында "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" атты құжат қабылданды. Бұл бастама – еліміздегі діни дәстүр мен ұлттық құндылықтарды үйлестіре отырып, қарапайымдылықты насихаттау, қазіргі қоғамда жиі байқалатын ысырап пен әлеуметтік бәсекелестіктің алдын алуға бағытталған маңызды қадам.

Құжатта құдайы ас беру рәсімін шариғат талаптары мен қазақ халқының дәстүрімен үйлестіріп өткізу, артық шығынға жол бермеу, ысырапшылдықты болдырмау секілді қағидалар нақтыланған.

Форум аясында имамдар қазақстандықтарды:

  • Отбасы құндылықтарын сақтауға, дініміз бен дәстүрімізге сай ер мен әйелдің өз міндеттерін атқаруына және ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беруге;

  • Құдайы асты қарапайым түрде, шынайы ықыласпен өткізуге, артықшылық пен сән-салтанатқа бой алдырмауға;

  • Дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу арқылы ұлттық және рухани тұтастықты нығайту жолында белсенді болуға шақырды.

Сондай-ақ форум барысында "Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы" атты тұғырнама да қабылданды. Құжатта Исламдағы отбасының орны мен жауапкершілігі айқындалып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты бекемдеу, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ қалыптастыру – басты мұрат ретінде белгіленген.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар