Биыл 77 мыңнан астам білім гранты бөлінді – шекті балдар өзгерген жоқ
Биыл жоғары оқу орындарына 77 мыңнан астам білім гранты бөлініп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мәлімдеді.
Оның айтуынша, барлық білім беру бағыттары сақталған, әрі шекті балл талаптарында да еш өзгеріс жоқ.
– Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін талапкерлер кемінде 50 балл жинауы керек. Ал ұлттық жоғары оқу орындары үшін бұл көрсеткіш – 75 балл. Сонымен қатар, әрбір ЖОО өз ережесіне сай одан да жоғары шекті балл белгілей алады, – деді Гүлзат Көбенова.
Осыған байланысты комитет төрайымы талапкерлерге құжат тапсырар алдында таңдаған оқу орнының нақты шекті балын қарап шығуға кеңес берді.