Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкін болмай тұрғанына наразылығын білдіріп, мәлімдеме жасады.
— Біз телефон арқылы сөйлестік. Бұл өте ұзақ әңгіме болды. Біз көп нәрсе айттық, соның ішінде Иран туралы, Украинамен соғыс туралы да сөйлестік. Бірақ нәтижесіне көңілім толмады. Бүгінгі сөйлесуде ешқандай оң нәтижеге қол жеткізе алмадық, деді АҚШ президенті.
Бұдан бөлек Трамп Украинаға көмек ретінде қару-жарақ беруді жалғастыратынын айтты.
"Біз оларға қару-жарақ жіберуді жалғастыра береміз. Бірге жұмыс істеп, көмектесуге тырысамыз", деді ол.
Трамп бұған дейін Украинаға қару-жарақ жіберуді тоқтатудың себебін экс-президент Байденнің "елді қиратуымен" байланыстырды. Ендігі жолы Вашингтон елдегі қару-жарақ саны жеткілікті деңгейде екеніне көз жеткізуі керек.
Трамппен сөйлесуден бірнеше сағат өткен соң Ресей Киевке бірнеше соққы жасады.