Моңғолияның Ұлттық тәуелсіздік күні – 114 жылдық мерейтойы қарсаңында ел президенті Ухнаагийн Хурэлсух Азиядағы халықаралық вокалдық конкурстың Silk Way Star Гран-при жеңімпазы Мишель Джозефті “Поляр жұлдыз” орденімен марапаттады.
«Президент орденді табыс еткен кезде маған: «Алтан гадас жұлдызы сияқты жарқыра», – деді. Бұл шынымен де керемет сезім», – деді Мишель Джозеф.
Еске салайық, 2025 жылдың қараша айында Мишель Джозеф Silk Way Star конкурсының бірінші жеңімпазы атанды. Байқауға Қазақстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан өнерпаздар қатысты.
Silk Way Star жобасы Астанада Қазақстан Республикасының Президенті ТРК мен Қытай медиакорпорациясы (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды.