Сирияда Наурыз мейрамы ресми ұлттық мереке мәртебесін алды

/uploads/thumbnail/20260118145359320_big.webp SANA

Сирия Араб Республикасының президенті Ахмад аш-Шараа Наурыз мейрамын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Енді 21 наурыз ел аумағында ресми ақылы демалыс күні болып есептеледі.

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігінің хабарлауынша, президент қол қойған құжаттың бесінші бабында Наурыз мейрамы ұлттық мерекелер тізіміне енгізілген. Осы шешімге сәйкес, 21 наурызда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жалақысы сақталатын демалысқа шығады.

Жарлық мәтінінде Наурыз көктемнің келуін, бейбітшілік пен өзара сыйластықты білдіретін ортақ мәдени мереке ретінде сипатталған. Мереке Сирия Араб Республикасының бүкіл аумағында бірдей атап өтіледі.

Сонымен қатар, құжатта күрд тілі араб тілімен қатар ұлттық тіл мәртебесіне ие болатыны көрсетілген. Бұған қоса, этникалық немесе тілдік ерекшеліктеріне байланысты кемсітудің кез келген түріне заң жүзінде тыйым салынатыны атап өтілген.

Бұл қадам Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстан кейін қолға алынған реформалар аясында қабылданды. Билік бұл шешім қоғамдағы бірлікті күшейтіп, елдегі көпэтносты құрылымның құқықтарын мойындауға бағытталғанын мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар