Телеарналарды әлеуметтік желілер әбден әлсіретті. Қазір қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты қызу пікір таластарға негізделген телехабарларды емге таппайсыз. Есесіне халық әлеуметтік желілерге төгіп-төгіп тастайтын болған. Телеларналарды ән, би, шоулар ғана ұстап тұр ғой, жасыратын несі бар. Егер әлеуметтік желіде ән салуға, би билеуге мүмкіндік беретін функциялар қосылса, сол күні қазақстандық телеарналардың "жаназасы" шықты деп есептей беріңіз