Мақпал Жұмабай. Отанға төнген қауіп...

/uploads/thumbnail/20170708151349612_small.jpg
Қорқыныштың турі көп... 5-6 жаста болғанымда анам инфаркт алып өлім аузынан қалды. Сол кундері өмір аяқталғандай болды. Ертеңгі кунді жек көрдім, ол жақта анам жоқтай көрінді. Бала журегім жарыла жаздап, өлім дегеннің не екенін тусіне алмай куйзелдім. Әлі кунге дейін сол сезімдерден қорқам... Одан да ащы, одан да қараңғы, тіпті, қаны сорғалап тұрған қорқыныш бар екен. Отан деген... Отанға төнген қауіп деген... Туған жеріңнің тағдыры деген... Өкініші мен қорқынышы араласқан бұл сезімді басынан кешкен жалғыз қазақ мен емес шығармын. Осы кундері барлық қазақтың журегі бірдей соқты, бірге соқты... Осы кундері біз кесек ойлап, ертеңіміз туралы толғандық. Шындықтың бетіне тура қарауға мәжбур болдық. Дәл осы қорқыныш бізді (мені) басқа сапалық һәм рухани деңгейге көтереді деп сенемін.

Қатысты Мақалалар