СОҒЫСТАН ҚАЛҒАН ЖЕТІМЕКТЕР (Хикаят). Жалғасы

/uploads/thumbnail/20170708234414613_small.jpg

Жалғасы. Басы мына сілтемеде.

Мектеп директоры Нұрақыметов Құттымбет оқиғаның ізін суытпай бақылаушы болып төбелеске қатысқан үш мұғалімдерден жауап алып оқушылардан кімнің қатысқанын тексерді. Тұрсынбек мұғалім деректір қатты кете қоймас деген оймен мектептің бетке ұстап отырған үш белсеендісі Бағыс, Сағат, Әлиханға қосып 9-10 класстың оқушылрын да атады.

- Аталғандардың барлығын сабақ аяғында маған алып келіңлер - деп тапсырма берді деректір. Сабақ аяғында мұғалімдер кабинетін толтырған оқушылар сұрақ жауап алғанда «біз барсақ клубқа кіргізбей 3-4-ші класстың балаларын «киш-киш», деп қуып жүргенін көрдік. Кішкентай баланың жылаған дауысы шыққанда, бір үлкен кісі баланы ұрған орысты «неге ұрасың» деп шапалақпен тартып жіберді, төбелес содан шықты деді.

- Жақсы, Бағыс сен айтшы, саған сенем - деп артта тұрған Бағысты алға шығарды.

- Ағай, маған сенсеңіз - деді Бағыс -  бұл «Жабайлықтар» клуб қызметкерлерін әбден баснып алған, бір айға жуықтады сенбі, жксенбі күндері оркестрлерін арқалап келіп біздерді клубқа жолатпайды. Сіз айтқандай бастары жарылып, қолдары сынса оқушыларда да ондай жарақат болар еді. «Черно жопо» деген сөзге намыстанып төбелескендер сырттың жігіттері, біздер арашаладық, кішкентайларды қорғадық протоколға шындықты жаздырып қол қойдым - деп сөзін аяқтады. Әрі қарай сөзін жалғаған Қасымбек мұғалім         

-  Орыстардың өздері кінәлі, балаларды бапағаттап ұрыс керәіс күшейіп бара жатқан соң есікті жауып, іштегілерді шығармай тұрдым. Арттағы есікті сындырып шығып төбелес күшейіп кетті. Мен танымайтын сойталдай-сойталдай жігіттер «балаларға кино көрсетпей клубын неге тартып алады» деп орыстарды топалаң тиген қойдай домалатып тепкіледі. Бастары жарылып құтылса жеңіл құтылған екен, бірін бірі өлтіре ме деп ойлап оқушыларды  Асхат, Тұрсынбек үшеуміз тратуарға шығарып  үйіне қайтардық - деп түсіндірді. Екінші қайтып оқушылардың түнгі киноға баруына тиым салынып, кезекші қойюға нұсқау берілді. Жиналыстан соң Тұрсынбек мұғалім Бағысты бос классқа апарып жеке сөйлесіп отырып клубтағы төбелесте жағасынан ұстап ұрмақ болған орыстан арашалап белдікпен ұрып сұлатқанына рақымет айтты.

- Бізде бала болғанбыз - деп жалғастырды сөзін мұғалім Шымкентте өскенбіз, сонда оқып, осында жұмысқа келдік. Сенің атыңның орысшасын білдім. Артыңнан келіп ұрмақ болған орысты «Садко артыңда...» дегенше болмай, аяғыңмен шиырылып соққанда аяқ құлақ шекеден тиді ме, жоқ жақтан тиді ме орыс екі аунап түсіп басын көтермей жатқанда жамбасынан тиген белдіктің басы одан сайын тұқыртты. Аяғыңмен жақсы жұмыс істейді екнсің. Сабо, Жако, Бако деген есімдер естілді, олар кімдер? Айта бер, жасырма. Деректір мен завуч сені қалай жақсы көрсе, менде солай жақсы көрем. Ешкімге айтылмайды - деп столдың үстіндегі көлденең жатқан Бағыстың қолын қыса ұстап,  шын пейілмен сұрап отырғанын сездірді.

-  Ағай, Сабомыз - Сағат, Жакомыз - Жакен, Бакомыз - Бақыт.

-  Есімдерің грузиндерге ұқсайды. Қайдан тауып алып жүрсіңдер? Сенің атың тіпті ұқсамайды.

- «Садко» деген киноның геройы көрінеді.

-  Ол киноны көргем. Саған мықты келеді. Сендерді ұйымдастырып, ат қойып жүрген кім?

-  Манаш.

-  Оның орысша аты кім?

-  Мано. Мұғалім күліп жіберді. Басқы буындарына «О»-ны қоса беріпті. Мұнда да бір білгірлік бар. Бірін бірі шақырғанда жуан дауысты қос әріптен дауыс қатты шығады. «Не зря отличник» деп орысшалап жіберді де орынынан тұрып - Сені рақымет айтқалы шақырдым. Әңгімеміз осы жерде қалсын деп бұрынырақ шығып кетті.

Әйелдер мерекесі  аудан басшыларының қатысуымен, мектеп оқушыларының қызықты концертімен өтті. «Жамбылдықтар» уақытша болса да келгенді қойды. «Ұйым» мүшелері күннің салқындығына байланысты Әйтбектің үйінде бас қосып, өткен іске талдау жасады. «Төбелестің» өте сәтті өткенін, дене жарақатын алмай аман есен тарқағанын үлкен жетістікке санады. Бағыс өзінің милициялар жасаған протоколға Тұрсынбек, Қасымбек мұғалім үшеуі қол қойғанын, «төбелесті бастаған орыстар» екені жазылғанын жеткізді. Өз клубымызға өзіміз ие болған сияқтымыз. Тұрсынбек ағайдың өзімен жеке сөйлескенін айтып:

-  Біздердің жасырын аттарымызды біліп алыпты. Оқасы жоқ, бізбен ниеттес адам көрінеді. Жағасынан ұстап ұрмақ болып жүрген орысты жон арқасынан белдікпен отырғызып құлатқаныма рақымет айтып біраз сөйлесіп сырластық. орысша есімдеріміздің кімдер екенін сұрап «грузин болып кеткенсіңдер ме» деп күлді. Ойлап тапқанның кім екеніне қызықты. Манаш дедім.

-  Өз аты қандай - деді    

-  Мано - дедім. Шек сілесі қатып күлген мұғалім «не зря отличнк» деп  тағы күлді.

-  Неге күлдіңіз - дедім түсінбей.

- Аттарың да әдемі, жарасып тұр деді.

Әйтбектің хабарлауынша үш талапкердің қағазы бар екен оны қарап, анықтап не жасау керегін ойланып көктемгі демалысқа қалдырайық деп тарқасты.

Әйелдер мейрамын өткізісімен көп ұзмай су жаңа  Газ-69 машинасы мектептің алдына келіп тоқтады. Ішінен үш адам түсті. Алдыңғы келе жатқан Альберт Денисович Живков екенін терезеден көріп таныған деректір Құттымбет қасындағыларды ертіп алдынан шықты. Жылы амандасып парторг, рабочком үшеуін кабинетіне кіргізіп келген шаруаларымен танысып болған соң мектептің военругі Қараходжаевты шақыртып таңертеңгі оқитын 8-9-10-шы класстарды каридорға қатарға тұрғызуға тапсырма берілді. Терезенің алдына үш қатармен тұрғызылған оқушылардың алдына мектеп деректірі бастаған төрт адам, артынан қоршалай мұалімдер тұрды. Мектеп деректірі жаңа құрылған совхоздың деректірін таныстырып, аты жөнін айтып, сендермен танысуға келді деп сөз берді.

- Жолдастар - деп бастады сөзін әскери үлгімен ауылдарыңның клубында біздің совхоздың жұмысшыларымен төбелес өткені белгілі. Мен сендерді кінәлаудан аулақпын. Олар арасында түрме көрген бұзақылары бар тәртіп бұзғаны рас. Сол үшін сазайын тартты. Біреуінің аяғы сынып, екеуінң қолы сынып жұмысқа шықпай отыр. Басы жарылған, денесінен жарақат алғандар қаншама. Сонда да мен сендерден кешірім сұраймын. Жаман сөздермен балағаттап жатса  әркім-ақ шыдамайды. Бірақ мен сендерді кек сақтамауға шақырамын. Бізде қазір клуб жоқ, кино көрмейді. Сенбі, жексенбі күндері автобуспен келіп тұрса шатақ шықпасын. Қонақпыз, қонақты сыйлау керек - деп тоқтады да:

- Төбелесті көзімен көргендер бар ма - деді. Деректір Тұрсынбекке иек қағып еді бір қадам алға шығып:

- Құрметті, Альберт Денисович! Біз үш мұғалім шатаққа дер кезінде бардық. Мектептің белсенді оқушыларының көмегімен жас балаларды бөлектеп шығарып, үйіне қайтардық. Милициялар кешігіп келсе де тәртіп орнатып сіздің жұмысшыларды түгелдетіп машиналарымен қайтарды. - деп сөзді көбейтпей қысқа қайырды. Оқушылардан сөйлейтіндер бар ма деп Альберт Денисович өзі сұрап алды. Деректір өзінің дайын ораторы Бағысты шығарып милициялармен бірге протоколға қол қойған бала деп қабырғадағы «Коммунизм ұрпақтары» деген қызылды жасылды бояауы бар газетті көрсетіп, осы газеттің редакторы деп таныстырды. Қатарда тұрғандардың алдына шыққан бұйра бас сұңғақ бойлы, жып жинақы киінген бала шығып совхоз деректіріне сәлем ишаратын білдіріп бірден сөйлеп кетті.

- Жолдас директор! Төбелестің мән жайын өзіңіз де жақсы біледі екенсіз, шығып сөйлеуші мұғалім де растады. Менің қосып аларым жоқ. Айтқандарын растап милициялардың протоколына қол қойдым.

          - Бағыс - деді мектеп деректірінің сөзінен есімін ұғып қалған Альберт Денисович - сен байқаған жоқсың ба Садко деген жігіттің кім екенін білесің бе?

          - Жоқ, білмедім. Сырттан келген жастардың бірі болар – деп сенімді жауап берді.

          - Жақсы, орныңа барып тұра ғой - деп сөйлеп тұрғанын пайдаланып тағы бір екі ауыз сөз деп деректірге қарады. Деректір басын изеді

- Оқу бітірулеріңізге жақын қалды. Ауылдарыңыздың қасынан жаңа совхоз ашылды. Бізге жұмысшылар керек. Тракторшылардың қысқа курсын ашамыз. Жаңа тракторлар аламыз. Құрлысшылар керек. Көптеген үйлер клуб, мектеп, аурухана саламыз. Жеңілдікпен жұмысқа қабылдаймыз. Қой да, сиыр да бағылып, фермалар ашамыз. Қысқасы жұмыс көп - деп қоштасты.

Шымкентке, ертеректе жетім балалар үйіне алып кеткен Есмұрзаев Қадыр аталас туысы жыршы Жорабектің үйінен 8-Б классында оқитын баласы Ташкенбаймен Бағыстың үйіне келді. Екеуі жылдам табысып, шәй ішіп болған соң «кешке өзім тауып аламын» деп шығарып салды. Ташкенбай жолшыбай өз әңгімесінде Бағыстың орысша аты Садко көрінеді. Өздерінің ұйымдары бар, ешкімді қоспайды. Өткенде клубта төбелес болып Садко деген атты сонда естідік. Мүшелерінің де орысша аттары бар,  отызшақты орысты ешкімнің көмегінсіз бықпырт қылып ұрып клубқа жолатпай жіберді деп Бағыс айтпаған біраз сырға қанықтырды.

Жақсы дастархан ұйымдатырып кең отыру үшін ет керек болып Көпбай шалды Батко мен Мано іздеп тауып бір тоқты сойғызып етін әкеліп «штабтағы» апаға берді. Жарты тоқтының етін басымен асып үлкен адамдарша қонақ күтуге дайындалды. Жыршы Жорабектің үйінен Қадырды ертерек ертіп шығып интернатты, мектепті аралатып клуб пен медрессе-мешітті көрсетіп күнді батырып «штабқа» келді. Жігіттер де жиналып қалған екен бәрімен амандасып ертерек кетіп есейген жерлестерін бет жүздерін әрең шырамытып таныды. Өз жағдайымызды асықпай біле жатар деп қонақты сөйлетіп қайда болып, қайда оқығанын сұрағандарға Қадыр жауап беріп:

- Шаян ауылынан алып кеткен соң Ленгрге апарып жетінші класс бітіртіп Шымкентте  ФЗО-да токрлікке оқытты. Менімен бірге барған Оразбек деген інішек менен екі класс төмен оқып қалып қалған. Содан хабарсызбын. Екі-үш рет іздеп бардым, біреулер бала қылып асырап аламыз деп алып кетіпті. Шынында да сүйкімді еді. Есейген кезде мен құсап Шаян ауылын іздеп табар. Туған елін, жерін ұмытпас. Ұзақ әңгімесі көңілді жадыратып аяқталды.

Апаның тамағы келіп Қадырдың алдына бас қойылды. Мұндай сыйды бірінші рет көрген қонақ ыңғайсызданып:

- Әлеке! Сіз үлкен емессіз бе - деп басты сырғытып еді, Әлекең:

          - Сен 31 жылғы, мен 35 жылғы, қайсымыз үлкенбіз деп күлді.

- Басты сақалды кісілер ұстайды деуші еді, рақымет, арнайы қой сойып сыйлағандарыңызға, ауыз тиейін, өздеріңіз мүжіңіздер - деп Әлекеңе қайта берді. Отырғандардың қайсысы болса да басқа құмар еместігін білдіріп басты тарелкасымен апаға ұсынды. Шүйіркелесіп отырып дәу екі табақ етті жәукемдеп, рақаттанған достар асықпай шәй ішісіп, кеш тарқады. Қадыр Бағыстың ұсынсымен үйге келіп, қатық қосқан бидай көжеден бір-бір жанан ішіп бөлмедегі екі кереуетке демалуға жайғасты. Көпке дейін әңгіме желісін үзбей ақтарыла сөйлеген Қадыр:

- Көлденең ақшаға қызығып «Қорғасын зауытының» бейресми билігіне таластық. Зауыттың ақшасынан салық алып отырған ұйымдасқан мафиямен сан рет кездесіп бас та жарылды, көзде шықты. Мен аяқтан айырылып, тобықтың сынғаны дұрыс салынбай, елеусіздеу ақсаңдап қалдым. Көшедегі қулар маймақ атап, кличкам «Маймақ» атанып кетті. Зауыттың «қамқорлығымен» үш бөлмелі үйлі болдым. Быйыл Техналогия иниститутына оқуға түспекшімін. Сені ел «Садко» дейтін көрінеді. Намыстанбайтын есім. Мен «Маймақ» деген есімнен құтылу үшін басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастауым керек. Оған мүмкіншілік бар, Шымкентті қимаймын, семья құру керек, жоспар көп, қимыл аз. Жә, жарайды, ұйықтайық - деп теріс айналып жатып көрпені бүркене түсті.

          Асықпай тұрып ертеңгі шәйдің үстіндегі әңгіменің барысында Бағыстың әкесі Жамбы ақсақал Қадырдың әкесі Есмұрзаны танитын болып жұмыс армиясына бірге шақырылып Житомир қаласында біраз уқыт бірге болған соң жүзшақты адамды басқа жаққа алып кетті. Оның ішінде сенің әкеңде кетті. Екі үш айдан кейін мені жасыма байланысты елге қайтарды.

          - Көке - деді Қадыр мен арғы аптада тағы келем. Сізге арнайы сәлем берем - деп дастарханның жиналуымен Жорабек жыршының үйіне барып қош айтысып Шымкентке қайтуға автобусқа кетті.

          Келісім бойынша Әлихан, Әләйдар, Манаш, Ескен төртеуі Мәдениет үйінің деректірі Көпжаср ағаға  келіп, ақылдаса отырып «Жамбыл» совхозы орыстарының клубқа келтірген зиянын есептетіп шығарып, қанша ақшадай пайдадан айырылған кірісті  көрсетіп, балағаттаған моральдық шығынды қойғызып АКТ жасатып қол қойылды.

          - Әй, осынымыз дұрыспа, кешірімді болсақ қайтеді? - деп тайсақтап еді. Манаш, Ескен қабаттаса:

- Олардың балағаттаған сөздері, «киш-киш», «черно жопа» деп қорлағаны өтіп кетті ғой. Ондай сөзді совхоз деректірінің өзі де кешірмейтін көрінеді. Болгар емес пе, орыстан қаны бөлек - деп Көпжасар ағаны көндірді.

Совхозға баруға төбелес іздеп барғандай болмай, таяқ жесекте момындық танытып, деректірге жеке жолығуға тырысып, орысшасы дұрыс Манаш, Ескен кіріп Әлихан, Әләйдар сыртқы есіктің алдын бағып қалды. Ұзын бойлы екі жігітті баласынбай орынынан тұрып, қол ұсынып амандасты. АКТ-ні оқып көріп «мен мақұлмын» тек «Садконы таныстырыңдар» деп шарт қойды. біз оны танымаймыз деп қипақтағанына деректір көнбей «Мен әскери адаммын, біздің де КГБ жұмыс істейді» деп АКТ-ні алып қалып «Садконы таныстырыңдар, талаптарың шешіледі» деп қайтарды.

Уәделі уақтысында келген Қадыр-Маймақ  бірден Бағыстың үйіне келді. Түскі шәйдің алдында Жамбы ақсақалға арнайы әкелген сыйын ашып, қынабы да, сабы да жалтыраған күміспен өрнектелген қанжарды екі қолына алып «әкемнің көзін көрген сізге сыйламағанда кімге сыйлаймын» деп жалпақ қызыл қайысты белбеуімен ұсынды.

- Бұл қанжарды «Қорғасын зауытының» тәжірбиелі токарі жасаған. Жүзі қайралмайды, шаш алуға да болады - деп түсіндірді. Жамбы ақсақал рақыметін айтып:

- Мына қанжарды көрсе менің шалдарым шаш алдыра ма, қашар - деп, іргеге киіздің астына көзден тасалады. Шәй жасалынып, еті мол күріш ботқасымен тойынған қонақ үйден Бағыспен бірге шығып жігіттердің кешке бас қосарын біле тұра жолығуды мақсат етті. Ең жақын үй Сағат пен Әләйдардікі сонда барып төртеуі біраз отырып әңгімелескенше кеш те батып киноға бармақ. Кинодан соң жоңышқалықта жатып әңгімелесіп ертеңгі сабақтан кейін интернаттың бос бөлмелерінің бірінде, көзден таса жерде Қадыр-Маймақ жігіттермен жаттығу өткізіп, өз өнерін көрсетуге шақырды. Құба құп келіскен достар жеңіл киініп, жаттығу жасайтын бөлмеге келді. Қадырдың үстінде көкпеңбек тоқыма спорт костюмі, сыртынан камзол кие салған, төбесінде шашағы бар тоқыма тақия, өзіне жарасып тұр. Қолға түсе бермейтін киім.      

          Жаттығу басталып бөлменің ішін айнала жүгіріп, керіліп созылып болып өзімен бойы теңдес Әлиханды шақырып қол айқастырысып  жамбасқа түсірудің үш түрін көрсетті. Бұттың арасын жазып тіп-тік отырып үйрену буын-буынның икемді болуына, сіңірлердің кездейсоқ түйілмеуіне көп әсер ететінін айтты. Өзі қабырғаға жақындап, Бағыстың иығына бір қолымен ұстап, қабырға арқылы оң аяғын көкке көтере бұтын қабырғаға тигізіп тұрғаны шынында да шеберлік еді. Тағы да бойы ұзын Әлиханды ортаға шақырып, «басыңызды қорғаңыз, менің аяғым төбеңізде ойнайды» деді. Тұрған бойында оң аяғын төбесіне қатты тигізбей кезек-кезек бір сол аяқпен, бір оң аяқпен ұруды үйренсе екі-үш жігіттің шақ келмейтінін қимылмен дәлелдеді. Бағыстың «төбелестегі» әдіс қимылдарына баса назар аударып «сендер көріңдер» деп қарсыласын өзіне аямай «шабуылдатып» қалай тойтарыс беруді көрсетті. Көрсеткендерінің барлығы бүгінгі «Каретенің» қимылы. Карете деген ұғым ол кезде жоқ болатын. Бағыстың үйреніп жүргені ат қораның ішіндегі қатар тұрған екі тіреу. Жаман көрпе, ескі киіздерді орап, байлап қойып, ортасында тұрып екі аяқпен кезек теуіп үш күнде бір жоғарылатып бұты ауырғанша тепкілеу. Осы әдісті күнделікті әдетке айналдырып, аяғын бір жарым метрге еркін көтеріп, бойын қаз қалпында ұстауға дағдыланған. Қадырдан «жаман емес» деген баға алғанын достары үлкен жетістікке санап күнде болмса да жетісіне бір рет спорт залға келіп жаттығу жасауға болатынына көздері жетті. Тек аяқты шынықтыру үшін военрукке, завучқа айтып жүріп бокстың төбеге іліп қоятын ауыр кенеп қабын алдыру керек екеніне тоқталды. Қадыр-Маймақтың арқасында үш сағаттың ішінде жігіттердің қолтығы жіпсіп, маңдайы терледі.

          Бағыс Қадырмен табысқалы бері шешіліп сыр айтпаса да жұмыс күні таңертеңгі автобуспен «Жамбыл» совхозына ертіп баруға Сағатты, Жәкенді, Бақытты, Манашты қосуды жөн көрді. «Айқай» шыққандай болса нағыз Садко Қадыр-Маймақ екенін көріп танысын деген ойды Манашқа ғана айтып, іштей неде болса көріп алайық деп бекінген-ді. Таңертеңгі нарядты өткізіп кабинетінде жалғыз отырған кезінде Манаш мен Бағыс кірді. Орынынан тұрып  дауыс шығарып сәлем берген Альберт Денисович

          - О, Бағыс! Мен қуаныштымын. Нағыз Садконы көргеніме - деп столдан шығып келіп, құшақтап амандасып қарсысындағы кішкене столға Манаш екеуін отырғызды. Хатшысына парторг, рабочкомды шақыртып алып, столының суырмасынан АКТ-ні алып бетіне бұрыштама қойып хатшы қызды шақыртып «кассирге» апарып бер деді. Кассир әкелген ақшаны Манашқа ұстатып, қасыңда телохранитель-қорғаушыларың бар ма деп Бағысқа қарап күліп қалтасынан әмиянын шығарып 500 сом ақша алып Бағысқа ұсынды.

- Мынаған Шаянға барып рестораннан тамақ ішіңдер, бізде асхана әлі бітпей жатыр - деп көңілдерін риза жасағаннан кейін «Шаян ауылының жастары мен Жамбыл совхозының жастары тату болу керек» деген тақырыпта әңгіме қозғап жарты сағаттай жақсы отырды.

           Рабочком шақыртқан жүк машинасы қонақтарды Шаян ауылына апарып салатын боп соған мінді. Ауылға кіре берістегі үлкен магазиннің қасында күтіп тұрған жігіттерді мінгізіп, Тоғай ауылында тұратын Дамир дунғанның үиіне келіп түсті. Дамирдің кәсібі басқа болса да, үлкен бір бөлмесінің есігін сыртынан шығарып, қонақ үй жасап қойған. Бойжеткен екі қызы қазақ мектебінде оқығандықтан келгендердің бәрі таныс. Киіз алашаның үстіне көрпешелер төселген. Дастархан жайылып үлкен-үлкен жанан кеселерге үйіле салынған, қолдан созылған кеспе, ет араласқан жусайы, тәтті бұрышы, басқа да шөптер туралған қазақтар үшін дәмді, әуес ас 12 адамның алдына қойылды. Майға қуырылған қызыл бұрышты керегінше салып маңдайлары шып-шып терлеп нан жемей тойып алды. Қосымша  тамақ сұрауға жігіттер ұялмасын деп:

          - Дамир аға, қыздарыңыздың жасаған кеспесі өте дәмді екен, айып болмаса сұйығынан орта кесе құйып берсін - деді.

          - Жігіттер, кеселеріңізді беріңіздер, ұялмаңыздар. Тамақта ұят болмайды деді.

          Тойдық, тойдық - деп рақыметтерін айтып кейін шегіншектеп отырды. Бағыс тамағын ішіп болып Дамирді шақырып 100 сом ақша берді.

          - Інім, мынау көп ақша ғой - деп таңданған Дамирге.

          - Біздің жігіттер келіп кетіп тұрғандай болса қарызданып қалмасын. Сізде болсын. Мұндай дәмді тамақ басқа жерде жоқ.

Ауылға қайтайын деген Қадыр аялдамаға жетпей тоқтап:

- Алдағы айдың басында жалғыз басты әйелдің үйін жалдап, қой, керек жарақ сатып алып дайындалып, сендерді қонаққа шақырамын - деп қош айтысып автобусқа мінді.

Сабақтан соң Әлихан, Әйтбек, Манаш, Ескен клубта отырған Көпжасар ағаға келіп  АКТ-ті көрсетіп сұраған 5000 сом ақшасын бергенде Көпжаср  «еңбек сендердікі, есік терезе бәрі жөнделген 1000 сомды мен алайын, төрт мыңды сендер бөліп алыңдар» деп қайтарып берді. Төртеуі  рақымет айтып жинақ кассасына келіп, мұртын бұзбай  9000 сом ақшаны қосып салып қойды. Оқу жылы аяқталып келеді. Емтиханға дайындық басталып  кешкі серуен, киноға бару сиреп тұрған шақта Қадыр келіп демалыс күні қонақ үйге жайғасты. Артынан қуып, ізін аңдып келген төрт жігіт асханадан тамақтанып шыққан Қадырды арнайы әкелген арқан тұзаққа түсіріп, асхананың артына сүйреп апарып ұрып соғып, қол аяғын байлап жақын тұрған сарайдың көмір салатын терезесінен ішке лақтырып жібереді. Сүйреп әкеткенін байқап қалған буфетші кездейсоқ жүрген милицияға айтады. Ол алдынан кездескен Әләйдардан «кімдер, төбелесіп жүрген» деп сұрайды. Бірінен бірі естіген  адамдар «Садколар шығар, төбелесіп жүргендер» деп қаңқу сөз шығарады.  Әләйдардан Қыдырбек естіп Бақыт, Сағат, Жәкен асханадағы буфетшіден сұрастырса, есік алдына шығып, аялдамадағы төрт жігітті көрсетеді. Қызу қанды Сағат «жаңағы байлап әкеткен адамдарың қайда?» деп дүрсе қоя береді. Төртеу жауап бермеген соң сарт-сұрт төбелес басталып, «арқандарың қайда, табыңдар» деген тепкіге шыдамай, асхананың артында деген дауыс естілді. Төртеуін де желкелеп апарып қайта тепкіледі. Тепкіге шыдамаған кішісі сарайдың тесігін көрсетті. Бақыт пен Жәкен үлкен дарбазаның кішкентай есігін ашып сарайға беттегенде, үйден, есік алдына шыққан келіншек «қайда барасыңдар, милиция шақырамын» айқайлады. «Біз  өзіміз милициямыз» деп жауап беріп есіктің ілгегін ашып кірсе байлаулы жатқан өздерінің Қадыр-Маймағы, арқанын шешіп жүре алмай қалған «батырды» Жако арқалап төртеудің қасына әкелді. Ал «тірі қалдым, енді не боласыңдар» деп оларды ертіп, автобустың аялдамасына келсе, осыларды күтіп тұрғандай автобус та келді. Төртеуін мінгізіп «мыналарды жайғастырған соң келетінін» Жәкенге айтып «қонақ үйдің ақшасын төлегем. Келмейтінімді айта салыңдар» деп жүріп кетті

          Бұл төбелес ауылды да,  мектепті де шулатты. Райкомның екінші хатшысының сарайынан «адам өлігін арқалап шығыпты» деген қауесет желдей есті. Екінші хатшы мектепке «Садконы комсомолдан шығарыңдар» деп нұсқау беріпті. Мұғалімдер ұжымынан комсомол комитетіне өкіл (куратор) болып бекітілген Үсенбай мұғалім Бағысты шақыртып «екінші хатшының сарайына неге кірдің, кличкаңның Садко екенін» растап түсінік жазып бер. Комсомол жиналысында қарап шара қолданамыз дегенде Бағыс:

 - Мен ешқандай Садко емеспін, екінші хатшынды танымаймын. Үйінің қайда екенін білмеймін - деп теріс бұрылып, есікті тарс жауып шығып кетті. Бұған қатты ашуланған мұғалім «сенің көзіңді құртпаса болмайды» екен деп ұйымның хатшысына хабарландыру жазғызып комсомолдың жалпы жиналысын шақыртты. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе «Райком хатшысының нұсқауын орындау». Мұндай жұмбақ хабарландыру мұғалімдер ұжымын да дүр сілкіндіріп «не боп қалды» деген сұрақтың жауабы тез табылып, «Бағыс Жамбиннің жеке тәртібі» болып өзгертілді.

Өзін кінәлі сезінбеген Бағыс жиналыстың алдыңғы партасына келіп отырды. Әр кездегідей жиналыс алқасы сайланып төрге завуч Әмзе Сариев жайғасты. Қолына не жазылғаны белгісіз бір парақ қағаз алған Үсенбай мұғалім мінбеге шығып:

          Жолдастар! Біздің сеніп жүрген Бағыс Жамбиніміз өрескел тәртіпсіздік жасап, екінші хатшының сарайына түсіп, не алып шыққаны белгісіз айқайлаған әйеліне жауап бермей қашып кеткен. Мен шақыртып сөйлесейін десем «мені тексеретін сен кімсің» деп есікті сындыра жаздап, қатты жауып, шығып кетті. Сондықтан жиналыс шақырып «мүмкін сендерді сыйлар, өзінен сұрайық» деп шештік. Оқушылардың алдына шыққан Бағысқа «мінбеге көтеріл» деген Үсенбайға «мен баяндама жасау үшін келгенім жоқ» деп мінбеге көтерілмеді.

          - Менің сізге берген жауаым, жауап. Басқа қосып аларым жоқ - деді.

          - Қандай жауап беріп едің - естиік деді алқада отырғандардың біреуі.

          - Менің есімім Садко емес. Сарайына кіргенім жоқ. Үйінің қайда екенін білмеймін - деп әрі қарай сөйлеспей шығып кеткенім рас.

          - Сені бүкіл аудан «Садко» деп біледі. Өткендегі тың көтеруге, игілікті жұмыс істеуге келген орыстармен төбелесті ұйымдастырып жүргенде сен - деп ауызы көпіре ашуланып, отырғандарға қарап:

          - Кәне, кім шығып сөйлейді. Бізден гөрі Бағыстың бұзықтығын сендер жақсы білесіңдер - деп сөз тартқамен мүлгіген тыныштықты ешкім  бұзбады.

          Орта тұстан қыздың дауысы шықты «мен сөйлейін» деген.

          - Кел, кел - деді Үсенбай мұғалім. Бағила екен. Бағыстың қасына қатарласа тұрған Бағила:

          - Жолдас комсомолдар! Бүгін біздер сөйлеуіміз керек. Неге үндемейсіңдер?! Бағыстың қандай бұзықтығын білесіңдер, айтыңдар. Кеше ғана Бағыстан жақсы адам жоқ еді. Оқу озаты деп мақтадық. Сыйлықтар, грамоталар берілді. Жас жазушы деп «Коммунизм ұрпақтары» деген үлкен газетке редактор қойды. Өлеңдері, мақалалары үзбей аудандық газетке шығып тұрады. Қайда жүріп бұзықтық жасайды?

          - Қасапина, отыр орыныңа - деді Үсенбай мұғалім қатқыл дауыспен Бағила партаны жағалап кетіп бара жатқан кезде Бағыс ашық тұрған айқарма кең терезеден секіріп қараңғылыққа сүңгіп кеткендей болды. Екі аяғымен  қара жерге топ ете түскен Бағыс жерді алақанымен бір сипады да Шаян өзеніне қарай жүгіріп кетті.

          Екі шекесін жұдырығымен сүйеніп ашу қысып отырған завуч-Әмзе басын оқыс жұлып алып «құс боп ұшып кетті ме, қайда кетті» деген қатты дауысынан қасындағылар селк ете қалды.

          - Әй, Үсенбай бұлай жиналыс өткізуге болмайды. Жиналыс жабық. Бағысты іздеңдер, табыңдар - деді. Тас қараңғы түннен көз алдыңдағы адам көрінбейді. Қайдан іздейді?! Бағыстың үйіне келіп тың тыңдаса, бөтен дыбыс естілмейді. Іштен кіріп сұрауға әкесінен қорықты. Шаян өзенінің жағасындағы жалғыз үй Бағыстың туысы Момбек ағаның үйі. Жас кезінде палуан атанып, білімділігімен аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тұрған кезде мазасын ала берген мұғалім-арызқойдың артынан теуіп, шатын айрып екі жылға сотталып жақында ғана келген. Бағыс ентігін әрең басып үйге кірсе шәй дастарханының үстінен түседі. «Неғып кештетіп жүрсің» деген ағасы Момбекке бар жайды түсіндіріп бірер шыны шәй ішіп, үйіне қайтты.

          Таңертең сабаққа бармай әкесіне «Қарағандыға шахтаға жұмысқа кетем. Үсенбай мұғалім жұмыс істеген мектепте оқымаймын» деп айтты да аудандық комсомол комитетіне келіп жолдама сұраса тізімге Ташкенбай, Әйтбек жазылып қойыпты. Әйтбектің екі күн сабақта болмағанын, жиналысқа қатыспағанын енді түсінді. «Оқуды неге тастадыңдар» деп жатқан комсомол комитеті жоқ. Бес комсомолды жол пұлын беріп автобусқа шығарып саларда Әйтбектің шешесі, Ташкенбайдың аға, жеңгесі, Бағыс үйіне мені «шығарып салмаңдар» деуімен ешкім келмей жолдастары бір топ қыздармен  келді. Ішінде Бағила да бар.

          Шымкенттің обком комсомолы Оралдан, Гурьевтен  келе жатқан вогонға 34 комсомол мінген вогонды тіркеп өзінше бір вагон қосты. Үш күнде Қарағанды қаласына келгенде вокзалдан «Қош келдіңіздер» деген қызыл матаға жазылған ұранмен қарсы алды.

   

 

                                      ЭПИЛОГ  ОРНЫНА

 

          Екі жарым жыл өте шығып, 1957 жылы майда, еңбек демалысын алған Бағыс әке шешесіне келді. Сағынып қауышқан ағайын тумаларға, әкесі бір қойын сойып құдайы тамақ беріп, мәре сәре боды. Төрде отырған Момбек аға «Ай, Бағыс-ай, бір мұғалімге ерегісіп екі жылыңды босқа жібердің РайОНО-дан ұлықсат алып берейін, достарыңмен бірге емтихан тапсыр» деді.

          - Жоқ, аға Үсенбай жұмыс жасаған мектепте оқымаймын - деп уәде  бергенмін.

          - Ол мұғалімді сегізінші класстың емтиханына да қатыстырмай «достарыңның» мүйіздеп-мүйіздеп қуып жібергенін сенен көріп жүр. Сен әлі «Үсенбай» деп жүрсің. Ол жоқ - деді Момбек ағасы.

          Бұл қуанышты хабарды естіген Бағыс Қарағандыға қайта кетіп «кешкі мектепте, орыс тілінде оқыды» деген анықтамаға қосып барлық пәндердің бағасын қойғызып әкелді. Табелін көрген аудандық оқу ісінің меңгерушісі өз бұйрығын шығарып мөрін басты. Сол күннен бастап қосымша сабақтарға қатысып мектеп оқушысы атанды. Достарымен қайта табысты. Емтиханды жақсы тапсырған Бағыс «өз достарымен» кездесуді жиілетіп жүргенде Манаштан ақшаларың қайда, бөліп алдыңдарма деп сұрағанда «ақшадан ешкімнің хабары жоқ. ақша сұраған адамды көргенім жоқ» деп Бағысты таң қалдырды.

          - Міне қызық. Кітапшаң қайда?

          - Сен кеткенде «тығып қой» деп мамама бергенмін. Үйге барып сұрап көрейін.

          - Неге теңдей етіп бөліп алмадыңдар.

          - Біз ақшаның барын ұмытып кетіппіз. Оның үстіне сен жоқсың.

          - Мені қайтесіңдер, жұмыс істеп жүрген шахтер деген атым бар адаммын.

Ертеңіне кітапшаны алып келген Манаш «мынау көп ақша ғой, бір пәлеге ұрынбаймыз ба?  Мамам қорқып отыр.

- Неге қорқады? Бөліп алған соң екі-ақ мыңнан тиеді. Бағыс өзі бастап жинақ кассасына барып 29 мың ақшаны алдырады. Сол жерде столға отырып 2900-ден 10 адамға бөлді.

- Ал саған қайда? Сенің де үлесің бар емес пе, Бағыс деп Әлихан үлкендік жасады. 29 мыңды 11-ге қайта бөлгенде 2600 сомнан шығып 400 сом қалдық ақшаны Манаштың мамасына кітапшаы сақтаған еңбегі үшін беруге ұйғарды. Жоғарғы оқу орнына бару үшін қаражат ұйымшылдықпен  жиналғанын паш етілді.

- Қартайғанда айта жүретін әңгіме болды - деді Әлихан. Әләйдар мен Ескен қоштады. Менде бір ұсыныс бар деді Әйтбек   

          - Дамирдің үйіне барып жуайық. Бағана тапсырыс  беріп кеткенмін. Әрқайсымыз әр жаққа кетсек басымыз қосыла бермейді деп бәрін де көндірді. Дамирдің екі қызы «қонақ келеді» деп үйін тазалап, сыпырып сиырып, көрпешелерді төсеп лагманын дайындап әкесінің тапсырысымен етін мол салып дастархан жасады. Ұзағынан отырып көңілді әңгімелескен достар ой армандарын бөлісіп қайда оқуға баратындарын айтып отырғанда Әләйдар:

          - Мен үйленетін шығармын, шешем қартайып тамақ істеп беруге де шаршап жүр дегенде Әйтбек те қоштап:

          - Қадыр Шымкенттен екі бөлмелі үй әперуге көмектесем деді. Уәдесінде тұрса, менің де шешем ауру сырқаудан ажырамай қойды, ертерек үйленбей болмас - деп тап бүгін үйленетіндей мәз бола күлді.

          10-«А» классынан 3 қыз Бағила, Хатира, Дәмегүл Шымкенттің пединиститутына баратынын өздерінен естідім деп сөзге қосылған Жәкен мен де соған баратын шығармын, үйдегілер солай шешіп отыр - деп ойын нықтап алдындағы кеседегі сорпаны сарқып ішіп дастарханның шетіне қойды. Қалған жігіттер ауылда қалатындығын әңгімелеп, шәй ішіп болған соң өздерінше бата жасап «Жүрер жолымыз ашық болып, жолдастарымыз қайда жүрсе де аман болсын» деп бетін сипаған Сағат әкесі молла болғанын, өзі қожа тұқымы екенін бірінші рет білдірді.

           Кешке қарай мектепке жиналған кезде Бағиланы бөлек классқа шақырып алған Бағыс мұғалім столының екі жағына  отырып әңгімелесті. Жігіттермен Дамир дунганның үйіне барып қонақ болғандарын, өздері ұймдастырған «ЖҚҰ» ұйымын төрт жыл өткен соң таратылғанын айтып, жиналған ақшаны теңдей бөліп алғандарын әңгімеледі. Қалтасынан қағазға оралған ақшаны Бағилаға ұсынып, «оқуға жүргелі отырсың» деп, ақыры Алматыға жібермейтін болды. Қалтаңның бір бұрышында жүрсін, Шымкентке барған соң кассаға салып қойып керегінде алып қажетіңе жарат. Ашып көргісі келіп еді, есікті ашып топырлаған оқушылар кіріп, бұлар амалсыз шығып кетті.

          Аттестат қолға тиісімен Бағыс Қарағандыға кетіп, оқуға баратын болғандықтан жұмыстан шығып, есеп айырысып, еңбек кітапшасын алып Алматыға жетті. КазГУ журналисика факультетіне құжат тапсырып нағашысы Исалдың үйіне жеті баласының бірі болып орналасты.           

1990 жылдың басында Бағыс Шу ауданында орта мектептің деректірі болып жүріп «Бірлік» астық қабылдау пунктіне жұмыс бабымен барады. Жаңа элаватор салынып іске қосылғанын, оның бас инженері Есмұрзаев Қадыр екенін құлағы шалып қалады. Сөйлесіп отырған деректірден «бас инженерге жолықтыр» деген өтініш айтады. «Танушы ма едің» деп қызыққан деректір Қадырды телефонмен шақырып алды. Екі дос бірін бірі жыға тани алмай абдырап, шырамыта алмай «сенсің бе, сен емессің бе» деп тұрып «сен Шаян ауылының Қадыры емессің бе?»  деуі мұң екен «Бағыс» деген дауысы қатты шығып кетті. «Мен қазір келемін» деп бұрылып кеткенде «бұл шалды қайдан танисың» деген деректір Бұлантаев «екі қатыны бар, шіріген бай» деп айтып үлгерді.  

- Баке, шаруаңыздың бәрін осы кісі тындырады - деп Қадырға меңзеп айтты.

Қол ұстасып шыққан екі дос сыртқа шығып Қадырдың Газ-24 машинасына отырып Шу өзенінің жағасына жетті. Машинадан көрпешелер алып төсеп бір жартылықты екі стаканымен газеттің үстіне колбаса, тандыр нан қойып:

- Сені Қарағандыдан келіп Шаянда мектеп бітіргеннен кейін Алматылық болып кетті деп Әйтбектен естігем. Ол қазір Шымкентте тұрады. Кезінде екі бөлме үй алуға, жұмысқа орналасуға көмектескем, қазір милиция подполковнигі, зейнетке шығып атвокад болып жүрген көрінеді.

Қадырдың өзі алпысыншы жылдың аяғында кегі кеткен бақталастарының қолынан үйленемін деп жүрген қызы қызғаныштан өлтірілген соң басыан бағы тайып Жамбыл қаласына жұмысқа ауысады. Бұнда да көп тұрақтамай Шу қаласындағы астық қабылдау пунктіне келеді. Осы жерде орыс қызына үйленіп балалы шағалы болғанда «Бірлікке» келіп тұрақтап қалады.

Шаяндағы достарыңның көрсетуімен «Үсенбай деген мұғалімге кездесіп аяқ қолыңның аман сауында Шаян ауылынан көшіп кет» деп ескертіп «мен Маймақпын» дедім. Ол көшіп кетуін, кетті. Сен сегізінші класстың емтиханына қатыспапсың.

- Да, да - деді орысшалап ауыр күрсініп, талай қызықтар өтті. Енді мыж-мыж боп отырмыз. Өмірі қартаймайтындай, ауырмайтындай көріндік. Талай адамның обалына да қалдық, соның азабын да тартып жатырмын. Қант диабеті деген пәлеге қалдым, инцулин алмасам жүре алмаймын. Орыс әйелден төрт ұлым бар. Төртеуінде төрт жигули бар. Қазақтан ұрпақ қалдырайын деп, жас қызға үйлендім. Ауру меңдеп, өмір өтіп кетіпті.                  Жарайды, Баке.

-  Сендер нешеу едіңдер, қазір қайдасыңдар?

- Мектепті алтын медальмен бітірген Манаш Алматыда. Математика ғылымының докторы.  Үш шалымыз Әлихан, Әләйдар, Ескен оқымай қалды. Сағат кәтта молла болып Шаянның мешіт-медрессесін ұстайтын көрінеді. Жакен аудандық оқу ісінің мегерушісі, Бекет Көкшетауда облыстық прокуратурада қызмет жасайды. Қыдырбек туысқаның №№ жыл екі ауданның комсомол ұйымын басқарып келіп, партия қызметіне ауысып партияны таратып тыныпты. Мен көз алдыңда отырмын.

- Жігіттер бақыттарына қарай жақсы орналасқан екен. «Бір жоқшылықтың, бір тоқшылығы болады» деген осы екен. Тағы кездесерміз, тағы әңгімелесерміз.

-  Бұлантаевқа не шаруамен келіп едің?

- Ол шаруаны басқа күнге қалдырайын, сенімен кездесу бар шаруадан артық, Қадеке - деп орынынан көтерілді Бағыс.

Базаның алдына келсе Бұлантаев үйіне қайтқалы тұр екен «шәй ішсін» деп іздетіп едім жоқ екенсіңдер. Елу жылға тарта кездеспеген достардың әңгімесі көп болады деп, қол алысып  машиналарына отырды. Ұзап кеткен Бағысты қуып жеткен Қадыр:

- Бұлантаевтан сұрағаныңды ертең жібертемін - деп бұрылып кетті.     

Садық Смағұлов

Соңы.

 

Қатысты Мақалалар