Дін мен ділді өзек еткен бағдарлама көрерменге жол тартты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709065733112_small.jpg

«Алматы» арнасында руханият мәселелерін өзек еткен «Ғибрат» бағдарламасы көрерменге жол тартты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Әр жұма сайын кешкі сағат сегіз жарымда шығатын бағдарламада дін, ұрпақ тәрбиесі, тіл мен тарих жайы сөз болмақ.

Бағдарлама авторы – журналист Айдос Жұқанұлы.

«Ғибраттың» әр бағдарламасына белгілі бір тақырыпты таңдап алып, тұшымды ой айтатын сарапшы мамандардың пікірін тыңдамақпыз. Алғашқы бағдарламамыз дін тақырыбына арналып, теріс ағымдар табиғатын сөз еттік. Студиямызға қоғамдағы экстермизм, терроризм жайында ой айтып жүрген саясаттанушы Айдос Сарым мен дін маманы, «Нұр» ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Жасұлан Жүсіпбековпен пікір алмастық», - дейді бағдарлама авторы әрі жүргізушісі Айдос Жұқанұлы. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар