Америкалық спортшылар Алматының сұлулығына таңдай қақты

/uploads/thumbnail/20170709205520130_small.jpg

Америкалық спортшылардың пікірінше Алматы америкалық қалаларға ұқсамайды.

Универсиадаға қатысуға келген америкалық спортшылар Оңтүстік астананың тамаша жерлерімен таныс болып, өздерінің ойларымен бөлісті, деп хабарлайды  Zakon.kz.

«Қала өте қызықты, ол америкалық қалалар сияқты емес. Әртүрлі мәдениет бір қалада тоғысқан. Сіз орыс мәдениеті мен азияның ықпалын да көре аласыз. Ол қазақтардың нені жақсы көретінін айшықтайды. Ойын-сауық пен қаланың көрікті жерлері өте көп. Өйткені, қаланың өзі – әдемі. Біз қаланы биіктен бақылау үшін тауға шықтық. Бұл шыныменде керемет!», – деп айтылған видеода.

Жалпы есепте АҚШ 23-орынды иеленді. Америкалық спортшылар ойында екі медаль: күміс пен қола алды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар