Кейбір адамдар ақша үшін барлығына дайын. Мәселен браконьерлер мен контрабандашылар жыл сайын сирек кездесетін және жер бетінен жойылып кетудің алдында тұрған жануарларды ақша үшін өлтіреді деп жазады qamshy.kz.
Кейде олардың қылмысын ашылып жатады.
Жақында Индонезияда кеденшілер жер бетінен жойылудың алдында тұрған 24 тотықұсты шекарадан алып өтпекші болған адамды ұстады.
Белгілі болғандай, олар кәдімгі пластикалық құтымен шекарадан өтпекке бекінген. Алайда, кеден қызметкерлерінің бірі бөтелкенің ішінен белгісіз жануардың көзін байқаған.
Әр құтының ішінде тотықұс болды. Оларды жақсылап байлап, дауыс шығарып, қозғала алмайтындай жасаған.
Браконьерлердің қатігез әрекетінен тотықұстардың жағдайы нашарлаған. Қылмыскерді ұстағаннан кейін құстарды ветеринардың тексеруіне жіберді.
Бұл тотықұстар қара базарда 650 фунт стерлинг тұрады.Тотықұстың бұл түрінің әлемде тек 7 мыңы ғана қалды. Олар сөйлей алмаса да, билегенді жақсы көреді және қожайынына қатты бауыр басады. Өкінішке орай, олар өте баяу көбейеді.
Пікір қалдыру