Алматы метросындағы қайғылы жағдайлар (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710010205984_small.jpg

Алматы метросының жүргіншілері эскалотармен жүру ережесін бұзып, түрлі деңгейдегі жарақат алып жатады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі patrul.kz сілтеме жасап.  

Метро қызметкерлерінің айтуынша, эскалаторда көбіне балалар ата-аналардың немқұрайлығыны байланысты жапа шегіп жатады.

Екінші орында эскалатормен жүру ережесін бұзатын жастар.

Төмендегі видеода әйелдің балалармен эскалотордан түсіп келе жатқанын көруге болады. Ол ең кішкентай баланы эскалатор баспалдағына отырғызып, ол саусағын эскалаторға салып жарақаттанады.

Екінші видеода үш қыз эскалатордың бағытына қарсы жүріп, бірі құлап түседі. Кейде жастар нәтижесін ойламай «Стоп» түймесін басады. Эскалатор бірден тоқтап қалғанда ондағы адамдар құлап қалуы мүмкін.

«Біз барлық жүргіншілерді метроның қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтініп сұраймыз. Әсіресе эскалаторда. Үлкендердің немқұрайлығынан балалар түрлі жарақат алады. Эскалаторда тұтқадан ұстап тұру керек. Эскалатор баспалдағына отыруға болмайды. Жүгіңізді баспалдаққа қоймаңыз» деп ескертеді электромеханикалық құралдар қызметінің басшысы Қаныбек Керімбеков. 

, ,

Қатысты Мақалалар