«Ресей Сирияға жіберілген барлық зымырандарды құлатуға уәде берді. Дайындал, Ресей, себебі ол зымырандар жаңа, ақылды, сапалы. Өз адамдарын өлтіріп, содан ләззат алатын хайуанмен санаспауың керек».
Бұл – Дональд Трамптың Твиттердегі парақшасына жазғаны.
АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттердегі парақшасына Ресейді Сириядағы жаңа әрі ақылды зымырандармен қорқытып жазған. Бұл жазбаға әлемнің назары бірден ілікті. Ресейліктер ғана емес, америкалықтардың өзі бұлқан-талқаны шығып Трампқа қарсы түрлі пікірлер білдірді. Біреулер президентін күлкіге қалдырса, енді бірі Ақ үй басшысынан дұрыс шешім қабылдауды талап етті.
«Егер бұл сіздің қалжың сөзіңіз болмаса, 2020 жылғы сайлауда бір дауыстан айырылдыңыз»
«Эксклюзив! Дональд Трамптың рекорды!»
«Біреуіңіз мынаған жөргек кигізіп, бір сабап алыңыздаршы? Тынышталмайтын түрі бар»
«Ол «ескертіп» тұрған жоқ, жоспарымен бөлісіп отыр. Оның таң қалдырған элементі не болды?»
«Оған глобус пен ойыншық солдаттарды беру керек. Сонда жоспары іске асады»
«Керек емес! Бұл жағдайда кімнің жеңіске жететінін өзіңізден сұрап көріңіз! Домино, емес шахмат ойнаңыздар!»
«Дональд Трамп Ақ үйде, 2018 жыл, президент портреті»
«Миллиондаған адамды медициналық көмектен айыратын сайқымазақ айтып тұр мұны. Бұл деген жаппай өлтіру»
«Өтінемін, доғарыңыз. Асад пен Сирия өз азаматтарын газбен улайтын ақымақ емес. Бұл – Израильдің қаскүнемдігі».