Қазақстан бойынша жалақыны ең көп алатын облыстар мен мамандықтар анықталды

/uploads/thumbnail/20180510103043660_small.jpg

2018 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың бір айлық орташа жалақысы - 152,4 теңге. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8,7% көп, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Орташа жалақының өсуі Маңғыстау облысында байқалды. Бір жылда +14% көбейген. Орташа жалақының өсуі бойынша көш бастап тұрғандардың қатарында - Атырау облысы (279,9 мың теңге, жылына +9,2%), Астана (223,5 мың теңге, жылына +9,9%) және Алматы (187,8 мың теңге, жылына +4,4%). Қазақстан бойынша ең көп орташа жалақы – 282 мың теңге.

Орташа жалақыны ең көп алатындар - қаржы және сақтандыру саласындағы мамандар  (299 мың теңге, 2017 жылмен салыстырғанда 2,8% көп). Бұл тізімде техникалық және ғылыми жұмыспен айналысатындар да бар (255,1 мың теңге, жылына +7,2%).

Өндірістегі қызметкерлердің орташа жалақысы - 223,3 мың теңге (жылына +11%). Тау-кен саласында еңбек етіп жүргендер айына 366,2 мың теңге алады (жылына +13%) .

Былтыр әкімшілік және құрылыс саласындағы қызметкерлердің жалақысы өскен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар