АҚШ Ресейдің әскери құрылымдарына қарсы санкция салмақ

/uploads/thumbnail/20180510102613242_small.jpg

АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкция салмақ. Бұл жолы шектеу тізіміне ресейлік 28 компания ілікті.

АҚШ Ресейдің ондаған әскери мекемесі мен компаниясына қарсы санкция салады. Вашингтон Ресейдің әскери мекемелерін АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі заңнамасын бұзды деп айыптады.

Құжат бойынша, санкция тізіміне 28 ресейлік компания мен мекеме ілікті. Олардың арасында Ресей Бас штабының бас басқармасы бар.

Санкцияға Ресей әскери мекемелерінен өзге Иран, Солтүстік Корея, Қытай, Египет, Түркия, Сирия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мекемелері мен жеке тұлғалары іліккен. Шектеу салынғандар арасында ливандық «Хезболла» ұйымы, Сирия әскери-әуе күштері мен Иран революциялық гвардиясы бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар