Ғалымдар аң-таң: Әлемде 8 мың жылдан бері гені өзгермеген бір халық бар

/uploads/thumbnail/20190228102514479_small.jpg

Армения халқының генетикалық тұрақтылығы ғалымдар үшін әлі де жұмбақ болып тұр.

Ресей академиясының ғалымдары, Армения ғылым академиясының зерттеушілері, дат және британдық ғалымдар, жалпы 18 маман армян әйелдерінің генетикалық ерекшеліктерін зерттеді. Өткен ғасырлардағы әйелдер мен XXI ғасыр әйелдері де зерттеуден өтті. Нәтижесінде ғалымдар аң-таң: армян әйелдері қай ғасырда да өзгермеген, сол қалпы.

Зерттеушілер осыдан 8 мың жыл бұрын өмір сүрген армян халқының 52 қаңқасының ДНҚ-сын шығарды. Оларды бүгінгі күні өмір сүріп жатқан әйелдердің ДНҚ-сымен салыстырды. Толық митохондриялы геномдардың анализі айырмашылықтың мүлде жоқ екенін көрсетті.

Әйелдердің генофонды бірнеше мыңдаған жыл бойы бір өзгермеген. Бұл туралы ғалымдар Current Biology журналына таңданыспен айтып берді.

-Бүгінде Армения орналасқан мекенге адамдар шамамен 18 мың жыл бұрын қоныстана бастаған – мұз дәуірінің аяғына тап келеді, - деп түсіндірді Дания геогенетика орталығының зерттеушісі Ашот Маргарян. – Ежелде ол Еуропа мен Таяу Шығыстың арасындағы көпір сияқты болды. Шамамен 3 мың жыл бұрын миграция жаппай жиналды. Халықтар араласты, мәдениеттер ауысты. Алайда мұның бәрі армян әйелдерін айналып өтіпті. Бәрі өзгерген, тек армян арулары емес.

Армяндықтардың генетикалық тұрғыдан тазалығын ғалымдар әлі де анықтай алған жоқ. Тіпті болжамдары да жоқ екен. «Сонда армян әйелдері 8 мың жылдан бері өзге ұлтпен мүлде некеге тұрмаған ба, жақын қарым-қатынаста болмаған ба? Мүмкін емес!» деп олар таңданыстарын жасырмады.

Мұны зерттеу үшін енді олар Әзірбайжан және Грузиядағы генетикалық зерттеулердің көмегіне жүгінбек.

Дереккөз: НовостиК

Ұсынған: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар