Мұстафа Кемал Ататүрік — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.
Тәуелсіз Түркия елінің Тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік өз еліне бейбітшілік әкеліп, түрік халқын дүниежүзіне танытқан тұлға. Түркияда әділдік пен тәртіп орнатқан Ататүрікті мемлекеттік қайраткер ретінде елі құрмет тұтады. Мұстафа Кемал өзі басқарған уақытта ел ішінде халықының игілігі үшін түрлі реформалар орнатып, түрік тілін мемлекеттік деңгейіне көтеріп, халқы үшін қызмет еткен тарихи тұлға.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі Кемал Ататүріктің қанатты сөздерін оқырман назарларыңызға ұсынады.
***
— Депутаттарға жалақы тағайындайық дегенбіз, мөлшері қанша болсын? - деген сұраққа ол:
— Ең бастысы мөлшері мұғалімдер айлығынан жоғары болмасын — деп жауап берді.
***
Ұлтқа қожалық жасауға болмайды, оған тек қызмет ету керек. Ұлтқа қызмет жасай білген адам ғана оның қожасы бола алады.
***
Кішкене істермен айналыспаңыздар. Үнемі ұлы армандардың соңында болыңыздар. Солай болғанда еңбектеріңіз сізден кейін де жалғасады.
***
Менің мақсат-мұратым бар. Бірақ ол жақсы қызметтік карьера немесе үлкен ақша жасауға қатысты емес. Менің мақсат-мұратым елімнің жарқын болашағы жөніндегі ұлы идеяның табысты болуына қатысты. Арман-тілегіміз: сыртта – тәуелсіздік, мемлекет ішінде шартсыз түрде ұлттың егемендігін қорғау болып табылады.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Пікір қалдыру