Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани 1899 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1964 жылдың 31 қаңтарында Мәскеуде қайтыс болған. Қаныш Сәтпаев – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик, «Ертіс-Қарағанды» каналының авторы, 1642 беттен тұрған алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы.
Ұлыбританияның премьер-министрі Антони Иден: «Кеңес Одағында Қаныш Сәтбаев сынды әлемдік тұлғаның туғандығы – ғажап құбылыс» деген.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына академиктің нақыл сөздерін ұсынады.







Ұсынған: Мақпал Сембай