Samsung компаниясының тарихы: Бурдж-Халифаның шыңына дейін

/uploads/thumbnail/20190508005650559_small.jpg

Samsung компаниясы туралы естімеген адамзат баласы аз шығар, сірә. Бүгінде жер бетіндегі халықтың басым бөлігі осы компанияның гаджет, теледидар, тоңазтқыш, шаңсорғыш, кір жуғыш машина, планшет, смартфон сияқты өнімдерін тұтынады. Тіпті, адамдар бұл құралдарсыз өздерінің күндерін елестете алмайтын дәрежеге жеткен.

Бәрі бірдей біле бермеуі мүмкін, Samsung компаниясы ежелгі кәріс брендтерінің бірі. Компания тарихы алпауыт еуропалық және америкалық компаниялармен салыстырғанда, тым тереңде жатыр.

Біз бүгінгі материалымызда Samsung компаниясының ішкі жағдайын, алпауыт кәріс компаниясының қашан дүниеге келгенін, қалай жетістікке жеткенін, болашаққа қандай жоспарлар жасап отырғанын оқырманымызға толықтай жеткізуге тырысамыз.

Компанияның құрылуы және нарықтағы алғашқы жылдар

Оңтүстік Кореяда орналасқан кішігірім Тэгу қалашығы. 1938 жыл, көктемнің алғашқы күні. Күріш сатумен айналысатын жергілікті кәсіпкерлердің бірі Ли Бен Чхоль өзінің кішкене кәсібін кеңейту мақсатында серіктестерімен бірге жаңа компанияның негізін қалайды.

Тэгу. 1938 жыл. Тағы да сол Samsung Group негізі қаланған сауда лашығы

Серіктестердің орталай жинаған 2000 доллар қаражатымен компанияның тарихы басталды. Олар, алдымен, телекоммуникациялық құрылғылар (аудио және видео құрылғылар) шығарумен және басқа да тұрмыстық қажеттіліктерді өндірумен айналысты.

Компанияның атауы кәріс тілінде "Самсон" деп аталады және бұл қазақшаға тәржімаласақ, "үш жұлдыз" деген мағына береді. Көпшіліктің айтуынша, бұл атау компанияның негізін қааушының үш ұлының құрметіне қойылған.

Барлығы кіші саудадан басталды. Сіз таң қалмаңыз! Samsung компаниясы алғашында қант, лапша, күріш және кептірілген балық сынды азық-түлік өнімдерін экспорттаумен айналысқан. Арада жыл өткеннен кейін компания сыра қайнататын зауыт ашуға қауқарлы болды. Зауыт күріш арағы және вино секілді алкогольді өнімдерді нарыққа шығарып, содан қаражат түсіре бастады. Компания Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде де ешқандай зардап шеккен жоқ, есесіне нығая түсті.

Соғыс ақталғаннан кейін компанияның өнім ассортименті тігін машиналарымен, болатпен және тыңайтқышпен толықты. Ал 1948 жылы америкалық үлгідегі Samsung Trading Co атауын алды.

Кәріс соғысы және кәсіптің құлдырауы

Ли Бен Чхоль үлкен жоспарлармен жүріп келе жатыр еді. Оның ең бірінші мақсаты – америкалық нарықты "ұстап" алу еді. Бірақ кәсіпті 1950-53 жылдары орын алған Кореядағы соғыс құлдыратып кетті.

Кәріс соғысы компания және оның иесі үшін ауыр сынақтардың бірі болды. Күріш қоры, барлық қоймалар, компанияның офисіне дейін отқа оранды. Тек бір ғана жәшік қолда қалды. Ли Бен Чхоль алдағы уақытты шебер болжап, іраз қаражатты осы жәшікке салып сақтаған екен.

Ли Бен Чхоль тоқыма фабрикасын ашты. Сонымен қатар, жоғары өрлеу үшін қант өндірумен және сақтандыру қызметімен айналысты. Міне, ол осылайша 60-жылдары Кореяның құрметті кәсіпкеріне айналды.

Өрлеу және құлдырау, құлдырау және өрлеу (Бурдж-Халифаның шыңына дейін)

Елде басталған революция компания жұмысына да өз залалын тигізбей қоймады. Ли Бен Чхоль түрмеге отырғызылып, оның мүлкі тәркіленді. Бірақ бұл барлығының соңы емес еді. Жаңа билік басына Пак Чон Хи келгеннен кейін ол экономикалық реформалар жасап, түрмеде жатқан талантты кәсіпкерді есіне алады.

Оны тек қана босатып қоймай, оған кәсіппен айналысуға рұқсат берді. Сондай-ақ, оны мемлекеттік несиелерді беру арқылы қолдап отырды. Ал Ли Бен Чхоль бұл жолы жаңа кәсібін заманауи сұраныстарды қаматамасыз ететін электроника бағытында бастады. Осы уақытта, 1969 жылы, компанияның ағылшын тіліндегі алғашқы логотипі жасалды.

1969-1979 жылдардағы компания логотипі

Электроникамен қатар Samsung компаниясы сақтандыру ісімен, баспа ісімен, сондай-ақ, университет, аурухана, қонақ үй, тіпті, кеме жасаумен айналысты.

Сіздердің білмеулеріңіз мүмкін. әлемдегі ең биік ғимарат саналатын БАӘ-дегі Бурдж-Халифа мұнарасы Samsung Engineering құрылысшыларының қолынан тұрғызылған.

Сонымен қатар, Малайзиядағы Петронас егіз мұнарасы да осы компанияның қолынан шыққан кереметтер қатарына жатқызылады.

Уақытында әлемдегі ең үлкен кеме деп есептелген Prelude FLNG танкері де Samsung Heavy Industry компаниясы бөлімінің жетістігі. Танкердің ұзындығы 500 метрді құрайды.

Жарықта өмір сүр. Samsung тұрмыстық техникалары

Samsung технологиялық компаниясының тарихы 1970 жылы жарыққа шыққан ақ-қара түсті теледидардан басталады. Бұл Sanyo-мен бірігіп жасалған жұмыс еді. Бірақ бірнеше жыл өткеннен кейін серіктестікпен жасалған жұмыс болашақ Samsung Electronics-тің, яғни, Samsung Trading Co компаниясының құрамына кіреді.

Арада көп уақыт өтпей 1977 жылы Samsung компаниясы алғашқы түрлі-түсті теледидарды жасап шығарды. Ал он жылдан кейін компания 10 миллион түсті теледидардың жарыққа шығуын тойлады. Сандық теледидарлар 1998 жылдан бастап ауқымды түрде шығарыла бастады. Осыдан кейін жұқа мониторлар мен экрандар сәнге айналды. Компания монитор жасаудан сол аралықта алдына жан салмады.

1999 жылы компанияны Forbes Global беделді баспасөзі "Тұрмыстық техника өндіруден үздік компания" атты атақпен марапаттады.

Міне, арада бірнеше жыл өтті. Бірақ кореялық компания тұрмыстық техника, гаджеттер, смартфондар, компьютерлер өндіруден алдыңғы қатарда көрінуден жалықпауда.

Бұл – үздіксіз үдеріс, үздіксіз даму.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар