Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел

/uploads/thumbnail/20190517145308207_small.jpg

1. Боудикка

ловк

Біздің эрамыздың 60 - жылдары британдық билеуші Боудикканың жерін римдіктер жаулап алды. Асқан қатігездікпен Боудикканың көз алдында қыздарын қорлап өлтіреді. Жауап ретінде әйел 200 000 адамнан тұратын армияны жасақтап,  кек алуды бастады. Оның жауынгерлері Римнің тоғыз легионын жеңіп, оларға тиесілі Британ аралдарындағы үш ірі қаланы тонады. Сол уақыттағы ең күшті держава Боудикканы тоқтату үшін үш легионын жұмылдыруы қажет болды.

2. Нелли Блай

ловк

1987 жылы америкалық журналист Нелли Блай 10 күнін психалогиялық емханада емделуші ретінде өткізеді. Оның мақсаты – дәрігерлердің науқастарға қалай қарайтынын анықтау еді. Нәтижесінде ауруханадағы науқастарға көрсетілген зорлық-зомбылық жайлы жазған зерттеу мақаласы Американы таң қалдырды. Емхана қатаң тексеріліп, Нью-Йорктегі науқастарға қосымша миллион доллар бөлінетін болды. Сонымен қоса, бір жылдан кейін Нелли Блай әлемді 77 күнде айналып, рекорт жаңартты.

3. Эмеллин Панкхерст

ловк

Ұлыбританиядағы ең беделді активист, ол әйелдерге ерлермен тең құқық беруді, оның ішінде сайлауға қатысу құқығын беруді қолдады. 1903 жылы ол Әйелдердің әлеуметтік-саяси одағын құрды, ал 1910 жылы 300-ден астам әйелді парламентке кіргізді. Бірнеше рет тұтқындалып, түрмеге қамалған кезде жиі аштықтан қиналған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан екі күн өткеннен кейін, Панкхерст барлық әйелдерге дереу нәсілшілдікпен наразылықты тоқтатып, Отанын қорғап, жауға қарсы күресуге шақырады. Нәтижесінде нәзік жандылардың соғысқа қосқан үлесі бағаланып, парламент 30 жасқа толған барлық британдық әйелдерге дауыс беру құқығын беретін «Халық өкілеттілігі туралы» заң қабылдады.

4. Зина Портнова

ловк

15 жастағы Зина Портнова немістердің өз әжесіне зәбір көрсеткенін көрген соң, өз еркімен оларға қарсы партизан әскерінің қатарына қосылды. Небәрі 17 жасында соғыстағы асқан ерлігімен тарихта қалды. 1944 жылы майданда қаза болды. Оның бір ерлігі жаудың тамағына у араластыру беру арқылы 100-ден астам немістің көзін жойған. 

5. Амелия Эрхарт

ловк

1932 жылы америкалық Амелия Эрхарт жалғыз өзі Атлант мұхитының үстінен әуе арқылы ұшып өткен алғашқы әйел ретінде әлемге танымал болды. Америкадан Солтүстік Ирландияға ұшу шамамен 15 сағатқа созылған. Күшті жел,  жаңбыр, суыққа қарамастан аман-есен жерге қонды. Амелия феминизмнің де, авиациялық индустрияның да дамуының көрнекті қайраткері болды. Ол әйел ұшқыштарды біріктіретін 99 ұйымның бірінші президенті болған. 1937 жылы әуеде апатқа ұшырап қаза тапқан. Алайда, әуе кемесінің қалдықтары және қаза болғандардың мәйіті табылмады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар