Украина президенті Владимир Зеленский "смартфон ішіндегі мемлекет" бағдарламасын жүзеге асыруды армандайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
"Мені аңғал, қияли адам деп ойлай беріңіздер. Бірақ біз "смартфон ішіндегі мемлекетті", "смартфондағы үкіметті" шынымен де жасағымыз келеді. Оның уақыты келді", - деп мәлімдеді Зеленский интернет-инновация форумында.
Оның айтуынша, бұл бағдарлама 4 деңгейді қарастырады: мемлекет туралы ақпарат, мемлекетпен байланыс орнату, мемлекеттік мәмілелер және мемлекеттік басқаруға қатысу.
"Мысалы, жұмысқа кетіп бара жатып тек жаңалықтар оқып, ауа-райын біліп қана қоймайсың, қандай заң жобалары қабылданып жатқанын бақылайсың және оларды өзгертуге араласа аласың, кімдер тағайындалып жатқанын білесің, осының барлығына өзің өзгерту енгізуіңе болады, керемет емес пе?! Сол себепті мен шынымен де "смартфондағы мемлекетті" армандаймын, біздің Украина әлемде бірінші болғанын қалаймын", - деді Зеленский.
Пікір қалдыру