Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серікбай Тұрымовты Маңғыстау облысының әкімі етіп тағайындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы 13 маусымда Ақорда сайты хабарлады.
1964 жылы туған Тұрымов 2012-2015 жылдағы Жаңаөзен қаласының, 2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қарашасына дейін Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарған. Ал 2017 жылдың 31 қазанынан бастап Маңғыстау облысы маслихатының депутаты болған. Мамандығы - инженер-құрылысшы.
Маңғыстау облысын бұған дейін Ералы Тоғжанов басқарған.
13 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті Астана қаласы әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған. Көлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі болған. Тоқаевтың жарлығымен Көлгіновтің орнына Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды.
Пікір қалдыру