Үкімет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

/image/2019/07/31/crop-103_82_512x683_67218286_1325793547577927_8268776900613111808_n.jpg

Содан кейін, премьер-министр Алаштың ардақты ұлы, аса көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының құрметіне арнап салынып жатқан рухани орталықта болды. Жазушының мәдени құндылықтары мен еңбектерін мәңгі есте сақтау және насихаттау мақсатында құрылған орталықтың аумағы 10 гектарды құрайды. Осы жылдың қазан айында рухани орталықта орналасатын мұражайдың құрылысын толық аяқтау, ал келер жылы нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы «Шлюмберже», «Каспий Битум», «Каспий» су тұщыту зауыты секілді шаһардағы бірнеше ірі кәсіпорындарды аралады. Мұнай өндіруші кәсіпорындарға қызмет көрсететін «Шлюмберже» компаниясының өндірістік қуаты жылына 1000 насос қондырғысын шығарады. Ал, «Каспий Битум» зауыты жылына 1 миллион тонна мұнай өңдеп, осы жылдың өзінде 151 мың тоннадан астам сапалы жол битумын шығарған. Осыдан кейін Асқар Мамин Ақтау қаласындағы өндірістік аймақ пен Қарақия, Мұнайлы аудандарын ауыз суымен қамтамасыз етіп отырған «Каспий» су тұщыту зауытында болды. Жобалық қуаты тәулігіне 25 000 текше метр су шығарады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Каспий жағалауында орналасқан еліміздегі ең ірі курорттық кешеннің құрылысымен танысты. Ақтаудан 20 шақырым жерде 160 гектар аумақты алатын  демалыс аймағы 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар