Ақтауда дзюдодан Азия кубогы басталды

/image/2019/07/31/crop-280_98_682x910_img-20190718-wa0025.jpg

Ақтауда халықаралық дәрежеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында ашық Азия кубогы басталды.  Маңғыстаудың құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған жарыс халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылып келеді. Биылғы турнирге 11 елден 200-ден аса спортшы келді.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдо жарысы аймақта ХІ рет басталды. Маңғыстаудағы іргелі жарыстың ашылуына қатысқан өңір басшысының орынбасары Қаныбек Жұмашев бәсеке ұйымдастырушыларына алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысында дзюдо спортының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті облыс басшысы Серікбай Трұмовқа алғыс жариялады.

Биылғы бәсекеге Қазақстан құрамасымен қатар Гонконг, Оңтүстік Корея, Испания, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен келген 200-ден аса спортшы ақтау татаминде өнер көрсетті. Жарыс жеңімпаздарына әлемдік рейтингте ұпайлар қосылмақ.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер 48 кг, -52 кг, -57 кг да жеңімпаздарды анықтаса,  60 кг, - 66 кг,  73 кг-да  жеңімпаз ерлердің есімі белгелі болды. 60 келіде жүлде алғандар қатарында маңғыстаулық Бауыржан Нарбаев та бар. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Азия кубогы жолындағы бәсекеде қола жүлдеге қол жеткізді.

Дзюдо бәсекесі ертең де жалғасады. Ертең татамиге әйелдер: - 70 кг, - 78 кг, + 78 кг -да, ерлер: - 81 кг, - 90 кг,  - 100 кг, + 100 кг шығады. Жарыс жеңімпаздарына әлемдік рейтингте ұпайлар қосылмақ. Атап айтқанда  1-орын алған спортшыға 100 ұпай, 2-орын алғанға 60 ұпайдан беріледі. Ал 3-орынды иеленген дзюдошыға 40 ұпай қосылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар