Ақтауда конституция күні атап өтілді

/image/2019/08/30/69835929_1357532997737315_6412829185919680512_n.jpg

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Ақтауда мерекелік шара өтті. Ата Заңымызға биыл 24 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз өркендеді, дамыды, елде жаңа реформалар жасалды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов сол жылдары еліміздің басынан өткен оқиғалар мен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғындарды мемлекеттік мерекемен құттықтады. 1
- Конституция – саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі! Ата Заңымыздың бұлжытпай орындалуының арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды, бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп, Қазақстан жүзден аса ұлт өкілдерінің аяулы атамекеніне айналды. «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды» - деп Заманымыздың заңғары, абыз Әбіш ағамыз айтқандай, барымызды бағалап, Егемен Еліміздің бірлігі мен ынтымағы үшін жасап жүрген игі ісімізге береке тілеймін, - деп аймақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді.
Сонымен бірге, салтанатты жиын кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін бірнеше азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, Маңыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағанбетовке, Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі Юлия Карташоваға, басқарма басшысы Жұмабай Қуановқа, жедел уәкіл Нұржан Таласовқа, Полиция полковнигі Асқар Джайлаубаевқа, Полиция майоры Еркебұлан Қыдырбаевқа Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы, соттар әкімшісінің бас маманы Әсем Аралбаева мен Гүлбақыт Ибраимоваға, Жаңаөзен қаласының аумақтық бөлім филиалы басшысы Сағира Есетоваға, Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ақмарал Махсұтқа, кіші әділет кеңесшісі Алтынгүл Тұрғанбайға, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Радик Өмірболатовке Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды. 1

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар