Маңғыстау облысына Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі келді. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумарды қабылдады. Кездесу аясында тау-кен өндірісі, білім, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Маңғыстау облысы мен «G Mar» үнді компаниясы арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ, 2020 жылы шілде айында «Маңғыстау облысында Үнді жылы» мәдени шарасын өткізу туралы келісімге келді.
Пікір қалдыру