АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Иранның америкалық әскери базаға шабуыл жасауына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Оның сөзінше, әскери базаға жасалған шабуылдан бірде-бір америкалық зардап шекпеген.
"Иран ядролық қару мен терроризм ошағы. Ол адамзат өркениетіне зиянын тигізіп отыр. Америка оның алдын алу үшін бәрін жасайды. Егер Иран бұл әрекеттерін тыймаса, Иранға қарсы экономикалық санкция саламыз," деді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ Иран мұнайына зәру емес.
Сондай-ақ АҚШ президенті Ислам революциясы корпусының "Құдыс күштері" арнайы жасағының қолбасшысы Сүлейманиді өлтіруге бұйрық беруінің себебін түсіндірді.
"Сүлеймани мыңдаған адамдардың өліміне себепші болды. Біздің бір азаматымызды өлтірді. Біз оны тоқтата алдық. Оны бұдан да ертерек тоқтату керек еді" деп атап өтіп, Сулеймани қазасының өзге терроршыларға жасалған ескерту екенін ұқтырды.
Сөз соңында АҚШ президенті Иранды Ислам мемлекеті сияқты ортақ жауға қарсы тұруға шақырып, Иран және Ирак халқымен бірлесіп бейбітшілікті орнататынына сенім білдірді.
Оқи отырыңыз:
♦ Иран мен АҚШ арасында соғыс бастала ма? Сарапшы пікірі
Пікір қалдыру