Иранда жер сілкініп, 70-тен астам адам зардап шекті

/image/2020/02/24/crop-3_60_446x793_2002241449414474f.jpg

Иранның солтүстік-батысындағы Хой қаласында жер сілкінісі болып, 70-тен астам адам зардап шекті.   Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 5,7 магнитудалы жер сілкінісі Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта, Готур ауданына жақын маңда болған. Жерасты дүмпуі UTC уақытымен 05:52-де тіркелді. Эпицентрі Иранның Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым қашықтықта және Түркияның Озалп қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым қашықтықта орналасқан. Тереңдігі – бес шақырым. Ирандағы зілзаладан барлығы 70-тен астам адам зардап шекті.

Иранда болған жер сілкінісінен Түркияның Ван провинциясында Түркияның 9 азаматы мерт болып, 37-сі жарақат алды. Тоғыз адам ауыр халде жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар