"Белорусьтіктер жалпыхалықтық талқылау арқылы өзінің құқығын, еркіндігін, міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтайтын болады" делінген Лукашенконың бағдарламасында.
Сондай-ақ ол ел конституциясына президенттікке әскерде болған адам ғана үміткер бола алатындай өзгеріс енгізуді ұсынып жүр.
9 тамыз күні Беларусьте президент сайлауы өтеді. 1994 жылдан бері билікте отырған Лукашенко өзін алтыншы мерзімге ұсынып отыр. Алайда соңғы кезде елде оған қарсы акциялар көбейген. Қарсы тарап президенттің әлеуметтік-экономикалық саясаты сынға алуда.
30 шілде күні елде ең ірі митингтердің бірі өтті. Оған 63 мың адам қатысқан.
Пікір қалдыру