Батыстық БАҚ Белорусьтегі наразылық туралы не жазып жатыр?

/image/2020/08/11/crop-9_3_340x604__113883586_dbec2651-788f-4c3a-ae14-b1848103148f.jpg

Беларусьте президент сайлауынан кейін екінші күн қатарынан азаматтар жаппай наразылыққа шығып жатыр. Бұл жайтты әлемдік БАҚ жіті бақылуда, деп жазады BBC-дің орыс қызметі.

Financial Times-тың дерегінше, мыңдаған шеруші өздеріне қарсы қатты дыбыс шығаратын жарқылдақ граната мен көзден жас шығаратын газ қолданылғанына қарамастан, авторитарлық билікке қарсылығын жалғастырып жатыр. Беларусьтегі жағдайдың жақын күндері қалай өрбитіні әзірге белгісіз. Бірақ өзгеріс кезеңі келіп жетті.

Егер жағдай осылай жалғаса берсе, Лукашенко билігіне қатер төнеді. Алайда батыс 2014 жылғы Украина жағдайы кезіндегідей, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы тұруға қаншалықты әзір екенін шешіп алуға тиіс. Путин Беларусьті Мәскеу ықпалынан шығарып алғысы келмейтіні анық.

Алайда беларусь қоғамының өздері қалаған еркіндік пен плюрализмге сәйкес келетін жүйе мен билікті құруға ниеті қандай болатыны да маңызды.

Guardian-ның хабарлауынша, Минскдегі оқиға Белорусьтегі саясат пен Александр Лукашенконың статусын түбегейлі өзгертеді.

Әзірге шерушілер жаңа саяси дәуірді бастай ала ма, әлде қанды репрессия бола ма ол жағы белгісіз.

"Келіспеушілік тұтас елді біріктіре алды" деп жазған басылым жексенбідегі сайлау нәтижесі көпе-көрнеу бұрмаланбай, Лукашенко дауыстың 55 пайызын жинағаны жарияланып, оның өзі азаматтарға құлақ асып, татуласу дәуірін бастағанда қарсылық бірнеше белсенді топ арасында ғана болар ма еді деп топшылайды. "Енді ешқашан шерулетіп көрмегендердің өзін ашу мен ыза кернеген" деп атап өтілген газеттегі мақалада

CNN Белорусьтегі президент сайлауының қорытындысы Лукашенко билігіне деген қарсылықты ғана көрсетіп қоймай, оның қандай одақтастары қалғанын да айқындап бергені туралы жазды.

Басылым елдегі сайлау қорытындысына мыңдаған адамның наразылық танытып жатқанын еске салып, Лукашенконы жеңісімен Қытай мен Ресей басшыларының құттықтағанын атап өтті.

Сондай-ақ телекомпания Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі мен АҚШ мемлекеттік департаментінің сайлау нәтижесіне алаудаушылық білдіріп, оның бұрмаланғанын айтқанын хабарлады.

New York Times газеті сайлаудан кейінгі жаппай наразылықты "хаос" деп атаса, Fox News ереуілшілердің берілмеуге бекінгенін жазды. Вашингтондағы Axios порталы нәтижесі бұрмаланған сайлау Лукашенко үшін нағыз ауыр сынақ болғанын, оның билікті сақтап қалу үшін қолда бар барлық инструментті пайдаланып жатқанын келтірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар