ӨЛКЕНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТЕЖЕЛГЕН ЖОҚ

/image/2020/08/13/crop-2_40_958x1278_183243209100.jpg

Маңғыстау облысының биылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Бұл туралы аймақ басшысы С.Трұмов өз есебінде мәлімдеді. qamshy.kz

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 103%, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 100,1%, негізгі капиталға салынған инвестиция – 111,1%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 107,1% болса, тұрғын үйді іске қосу қарқыны – 100,2% (7 айға – 682 мың шаршы метр) деңгейінде қамтамасыз етіліп, оң өсімге қол жеткізілді.
Бүгінгі таңда бір көрсеткіш бойынша, бұл – өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,5%-ға төмендеген. Себебі, ОПЕК келісімі аясында мұнай өндіру көлемінің 5,2%-ға азаюымен байланысты болып отыр. Нәтижесінде, өндіру жоспарланған 18 млн. тонна мұнайдың орнына, осы жылғы көрсеткіш 17,4 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. qamshy.kz
Анықтамаға көз салсақ, коронавирус пандемиясы ахуалына байланысты өнім өндіру көлемі 7 айда ірі кәсіпорындардан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ– 5,2%-ке, «Өзенмұнайгаз» АҚ – 1,5%-ке, «Қаражанбасмұнай» -АҚ 6,6%-ке, «Бузачи Оперейтинг ЛТД» КФ – 10,6%-ке, «Тоталь» компаниясы – 14,8%-ке, «Қарақұдықмұнай» ЖШС – 16,5%-ке азайғаны байқалады.
Биылғы жылдың 3 тоқсанынан Түпқараған ауданында құс фабрикасы «Ақтау-Агро» ЖШС-де 91 жұмыс орнын, Қант шикізатын қайта өңдеу шағын зауыты «Орда» ЖШС-де 35 жұмыс орнын, Мұнайлы ауданында құрама жем зауыты «Жамалбек» ЖШС-де 30 жұмыс орнын, мұнай кәсіпшілігі мен бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету және жөндеу өндірістік цехы «OSS Kazakhstan» ЖШС-де 50 жұмыс орнын, шағын газ поршенді электр станциялары базасында «Қазақ газ өңдеу зауыты» үшін электр энергиясын өндіретін «Оралмұнайпром» ЖШС-де 50 жұмыс орнын, полимерлік қаптама өндіру зауыты «Достық Полимер Плюс» ЖШС-де 32 жұмыс орнын және «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жаңа 50 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
«Қазіргі жағдайды ескере отырып, бүгінгі таңда өңір экономикасын әртараптандыру аясында шикізаттық емес секторды дамытудың іс-қимыл жоспарын іске асыру есебінен оң нәтижелер көрсетуде. Таяуда ғана туризмді дамыту саласында «Риксос Ақтау» қонақ үй кешені сәтті іске қосылып, қазірдің өзінде туристердің қызығушылығын арттыруда. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға жұмыстар қарқынды жүргізіліп, биыл осы салада 7 жаңа жоба іске қосылады. qamshy.kz
Біздің бағытымыз шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистика, кәсіпкерлік салаларын дамыту жұмыстарын күшейту. Нәтижесінде жаңа жобаларды іске асыру арқылы 1 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Қазіргі мақсат – өңірдегі қолдауды қажет ететін әрбір кәсіпорынға сүйемелдеу көмегін көрсете отырып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру.
Тұтастай алғанда жыл қорытындысымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайының қарқынын төмендетпеу қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті аймақ басшысы Серікбай Трұмов.
Ал өңірлік бюджет қаражатының игерілуіне қатысты осы жылдың 1 тамызына жергілікті бюджет кірістері 82,5 млрд. теңгеге немесе есептік жоспар кезеңіне 105,9%-ке орындалды. Былтырғы жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда олардың өсу қарқыны 5,9%-ті құраса, түсімдердің орындалысы 100,8% құрады. qamshy.kz
Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 139,8 млрд.теңгеге немесе 98,6%-ке орындалды, оның ішінде жергілікті бюджет 99,2%-ке, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің игерілуі 97,5%-ке орындалды.
Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша орындалмаған сома – 1 324,3 млн. теңге, оның ішінде 971,3млн. теңге үнемделген қаражат есебін құрайды.
Мемлекеттік сатып алудан және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің бос орындарынан үнемделген қаражат 971,3 млн. теңге, ал игерілмеген сома – 353 млн.теңгені құрады. Оның басым бөлігі көлік инфрақұрылымын орташа жөндеу, қайта жаңарту және салу объектілері бойынша орындалған жұмыс актілерінің болмауынан туындады.
Бюджет қаражатының, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру мәселесі тұрақты бақылауда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар