Пәкістанның Белужистан провинциясының орталығы Кветта қаласындағы қонақүйде бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 12 адам жараланды.
"Пәкістандағы Қытай елшісі шабуылдың нысанасы қонақ үйдің автотұрағы екенін айтты" деп хабарлады BBC.
Басылым ақпаратына сәйкес, Ауғанстанмен шекаралас Белужистан провинциясында бірнеше қарулы топ, оның ішінде исламшыл экстремистер мен сепаратистер жиі бүлік шығарады.
Сепаратистер Пәкістаннан тәуелсіздік алғысы келеді және осы аймақтағы Қытайдың ірі инфрақұрылымдық жобаларына қарсы.
Пікір қалдыру