Тәліптер әскери техниканы қалпына келтіру үшін мамандар тапты

/image/2021/10/21/crop-41_3_485x647_aae3718aa2fc9190677a2ac0126915fc.jpeg

Тәліптер АҚШ әскери күштерінен қалған авиациялық техниканы қалпына келтіруге көмектесетін мамандар тапты, деп хабарлады Al Jazeera телеарнасы.

Телеарна хабарлауынша, арнайы мамандар шетелдік әскерлер қалдырған әскери техниканы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта тәліптер өздерінің жеке әскери-әуе күштерін құруда. Инженерлер, авиация мамандары мен техниктер тобы ондаған ұшақтарды жөндеп жатқанын айтады. Бейнежазбадан аэродромға шашыраңқы орналасқан тікұшақтарды көруге болады.

– Тәліптер Кабулға кіргенде, бірінші кепілдік ол рақымшылық болды. Мен олардың сөздеріне тұратынына сенімдімін. Егер біз бәріміз кететін болсақ, бұл аэродромды кім сақтап қалар еді? Маған Ауғанстанды кім басқарғаны маңызды емес, маңыздысы оның шекарасы, қазба байлықтарын мен ресурстарын қорғау, – деді майор Фарид Ахмад.

Бұған дейін АҚШтың соңғы 20 жыл ішінде Ауғанстан қарулы күштеріне берген қару-жарақ, миллиард долларлық әскери техникасы мен оқ-дәрілері Талибан ұйымының қолына өткені туралы хабарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар