Қазіргі уақытта неміс үкіметін құру жөніндегі келіссөздерге қатысып жатқан Германия социал-демократтары, жасылдар және еркін демократтар ықтимал коронавирустық шараларды жариялады. Шаралар бойынша, кейбір жұмыс орындарына вакцинаны міндеттеу туралы келісті.
Заң шығарушылар елдегі инфекциялардың рекордтық санын азайтуға күш салмақ.
Германиямен шектесетін Австрияда да рекордтық инфекциялар тіркелген соң, локдаун жариялайтынын мәлімдеді. Алайда, локдаун тек толық вакцина алмағандарға ғана арналатыны хабарланды.
Пікір қалдыру