Ресей АҚШ-тың Еуропаға қосымша әскер жіберу туралы шешімін айыптады.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Вашингтон әрекеті шиеленісті күшейтетін, "деструктивті" қадам екенін айтты.
Пентагон Польша мен Германияға 2000 АҚШ әскері жіберілетінін және Германияда тұрған 1000 әскер Румынияға аттанатынын айтқан.
Ресей Украина маңында 100 мыңдай әскерін орналастырған. Дегенмен, Мәскеу Украинаға шабуыл туралы болжамдарды жоққа шығарады.
Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр:
- "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
- "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.
- "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
- Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
- АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
- "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
- Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін.
- Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
-
Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.
- БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
- Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
- Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
- АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
Пікір қалдыру