Украинада Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері қаза тапты

/image/2022/05/30/crop-46_25_1045x1859_zdanie-ministerstva-oborony-rossiiskoi-federacii-na-frunzenskoi-naberezhnoi-v-mo

Украинадағы соғыс кезінде Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы, полковник Владимир Иванов қаза тапқан. Бұл туралы Ресейдің мәліметтер базасын негізге алған Медиазона басылымы хабарлады.

Ең бірінші оның өлімі жөнінде журналист Евгений Поддубный жазып, 9 мамырда "Ажалсыздар полкінің" акциясына Ивановтың портретін ұстап шыққан. 

Ақпкраттарда 41 жастағы Владимир Иванов 25 наурызда қаза тапқаны айтылады. Оның қайтыс болғаны ресми түрде 5 күннен кейін, 2022 жылдың 30 наурызында расталған. Мұрагерлік істі рәсімдеген нотариус өлген полковниктің тұрғылықты мекен-жайы ретінде қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі бас ғимаратын көрсеткен.

Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметкерінің қаза тапқанын, қандай оқиға кезінде оққа ұшқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.

"Медиазона" мен Би-би-си мәліметтеріне сүйенсек, ашық дереккөздер арқылы Ресей әскерінің Украинада 2500-ден астам жауынгері, әскери шені подполковниктен жоғары 60-қа жуық офицері қаза тапқан. Ал Ресей қорғаныс министрлігі наурыз айының соңында Украинада 1300 жауынгері өлгенін мойындаған, одан кейін өлгендер туралы ақпарат берген емес.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар