Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мекеме мәліметінше, 24 адам ауруханаға түскен. Науқастардың бірқатарының жарақаты ауыр.
Қалған 138 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйге жіберілген.
28 қыркүйекке қараған түні Ташкент әуежайының маңындағы кеден қоймасында қуатты жарылыс болды, соңы өртке ұласты. Бұл жөнінде Өзбекстан билігінің мәліметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды. Жарылыстың салдарынан маңайдағы көп қабатты тұрғын үйлердің терезелері сынған.
Өзбекстан төтенше жағдай министрігі, кеден комитеті және өзге де мекемелеріне сүйенген Gazeta.uz сайтының жазуынша, жарылыс түнгі сағат 2:43-те Ташкенттің Сергелі ауданы Құрылысшылар массивінде орналасқан "Интер логистикс" компаниясының қоймасында болған. Жарылыстың салдарынан маңайдағы үйлердің терезелері сынып, үй іші бүлінген. Жарылыстың соңы өртке ұласқан.
Пікір қалдыру