"Жер берілмейді" – Министр уәде етті, бірақ сенім аз

/uploads/thumbnail/20250513132629785_big.webp

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан Қытайға жер беріп жатыр деген қауесеттерге қатысты кезекті рет түсініктеме берді. Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналистер министрдің өзінен естуді талап етіп:

«Желіде Қазақстан Қытайға кең көлемде жер береді деген ақпарат әлі де тарап жүр. Осыған қатысты нақты жауап берсеңіз», – деп сауал қойды.

Министрдің жауабы қысқа  болды:

«Бұл – фейк. Ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Мұны Жер ресурстары комитеті бақылауда ұстап отыр. Жер кодексіне сай шетелдіктерге жер жалға да, меншікке де берілмейді. Өзіміздің шаруалар жұмыс істеп жатыр».

Алайда қоғамда бұл мәлімдемеге сенім аз. Өйткені бұған дейін де ресми уәделер мен шынайы әрекеттер арасында алшақтықтар байқалған. 2016 жылғы Жер мәселесіне қатысты жаппай наразылықтар халықтың бұл тақырыпқа неге соншалықты сезімтал қарайтынын көрсетіп берген еді.

Министрдің "бәрі бақылауда" деуі көңілге медеу бола ма? Әлде бұл – тек уақытша тыныштандыру ма? Халық нақты ашық ақпарат пен толық есепті талап етеді, құрғақ уәдені емес.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар